Жүрекке жол тартқан "Жырлар"
Бөлісу:
Қазақ әдебиетінде тағы бір жағымды жаңалық! Әдебиет сүйер қауымнан сүйінші сұраймыз! Қазақтың талантты ақыны Ұлықбек Есдәулеттің Анкара қаласындағы "BENGU" баспасынан "Siirler" ("Жырлар") деген атпен жыр жинағы жарық көрді. Жинақты түрік тіліне аударған Мәлік Отарбаев, тәржімасын редакциялаған түрік ақыны Метин Өзарыслан. Жыр жинақтың алғысөзін жазған Евразия Жазушылар одағының төрағасы, белгілі түрік прозашысы Якуб Омероғлы. Ақынның жылқы жылы туылғанын ескеріп, кітап мұқабасын арғымақтардың суретімен безендіріпті. Өскеменде өткен ақынның 60 жылдық мерейтойында Якуб Омероғлы арнайы келіп, осы сүйінші хабарды қалың оқырманға жеткізген болатын. Әзірге ақынның қолында жинақтың тек 20 данасы ғана бар екен. Бұған дейін талантты ақынның Қытай, Монғолия елдерінде де бірнеше кітаптары жарық көрген болатын. Алдағы күзде Түркия елінде және Алматы, Астана қалаларында ақын жинағының тұсаукесер рәсімі болады деп күтілуде.
adebiportal.kz
Бөлісу:
Көп оқылғандар
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
Төрегелді Тұяқбайдың «Сөзбилерінің» рецепциясы
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Айнаш Қасым. Сол қол (әңгіме)
Жүз кітапты қалай насихаттаймыз?
Қазақ ертегілеріндегі фантастикалық элементтер
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Тіл білімінің атасы
Ғабдул-Сәбит Юсупов. Детектив – күрмеуі қиын, күрделі жанр
Шәріп Айтмуханбетұлы. Әріптер тілдің тағдырына айналғанда
«Көк есектің» кейіпкерлері кім?
Асылдың тұяғы, алтынның сынығы алпыс жаста
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?
ОЙСОҚТЫ АҢСАР...
«Кішкентай мемлекеттегі» үлкен тоталитаризм
«Астана Опера» ХІІІ маусымын «Абай» операсымен ашпақ
«BIKEN» халықаралық театр фестивалі өтеді
Көл қорыған қызғыш құс секілденіп...
Мақсат Тәж-Мұрат. Көксіл - ауа тұрғыны-2 (элегия#минор)
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Таңдаулы 100 кітап анықталды
Абай тойы қалай өтті?
Айнаш Қасым. Ақ пен қара
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Маржан Ершу. Жаңғырық (мистикалық микропоэма)
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат