Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
РИЯСЫЗ ӘҢГІМЕ
/
«Әдебиет танытқышты» тани алдық па?...

05.09.2025 139

«Әдебиет танытқышты» тани алдық па? 12+

«Әдебиет танытқышты» тани алдық па? - adebiportal.kz

Бүгін  - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыған орай «Әдеби дискурс» подкастының кезекті шығарылымында Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаудағы рөлі сөз болды. Әңгіме барысында «Әдебиет танытқыш» еңбегінің тағдыры мен басты құндылықтары, сөз өнерін жіктеудегі ғалымның әдіснамалық ұстанымдары талданды. Сондай-ақ, Ахаң ұсынған, бүгінгі ауыз әдебиетінде ұмыт қалып бара жатқан жанрларды қайта жаңғырту қажеттігі жайлы пікірлер айтылды. «Әдебиет танытқыштағы» ұғымдардың қазіргі әдебиеттанудағы қолданысы, діндар және сындар дәуірі әдебиетінің ерекшеліктері, ахметтанушыларға қарата айтылып жүрген сын-пікірлер де назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, еңбектегі мысалдарға текстологиялық талдау жасау мәселесі көтеріліп, ұлттық әдебиеттанудың іргетасын қалаған тұлғаның ғылыми мұрасын кеңінен насихаттау жолдары сөз болды. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын жаңа қырынан танытуға бағытталған заманауи зерттеулер мен тың әдістемелердің қажеттігі жөнінде түйінді ойлар ортаға салынды. «Әдеби дискурс» қонақтары: ф.ғ.д., профессор, белгілі ғалым Айгүл ІСМАҚОВА мен ф.ғ.к., профессор, А.Байтұрсынұлы атындағы Білім академиясының директоры, әдебиеттанушы ғалым Ұлан ЕРКІНБАЙ


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@qcontent.kz 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар