Эпиграмма. Жүрсін Ерманға

Бөлісу:

20.04.2015 3785
11160394_815847488494203_930853101_n.jpg

Жүрсін Ерманға

«Жаңғыртты жалпыұлттық мұраны» деп,
Айтыс алға басқанда қуанып ек.
Алайда, домбырада «хит» дыңғырлап,
Барады сайқымазақ ұран үдеп.

Сақталып Жүрсін деген аты ғана,
Одаға оң қарады ақын аға.
Болған соң «Нұр Отан-шоу» режисcері,
Шоқиып отыр әлі сахнада.

Өлеңін жазған: Еркеғали Бейсенов

Әзіл суретті салған: Еркін Нұразхан

Бөлісу:

Көп оқылғандар