«Алтын құлын» халықаралық жас жыршылар байқауы

Бөлісу:

24.04.2014 3132

«Балапан» телеарнасы елімізде алғаш рет жас жыршылардың арасында «Алтын құлын» халықаралық байқауын өткізеді. Байқауға  Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан елдерінен 7-15 жас аралығындағы халқымыздың асыл мұрасы – ауыз әдебиетіміз бен мәдениетімізді жалғастырушы дарынды, өнерлі балалар қатыса алады. 


Байқаудың мақсаты – еліміздегі дарынды балалардың қабілетіне жол ашу, өнерлі жастарды халық арасында таныту. 


Байқау шарттары:


–   Кіші топ, 7-11 жас аралығы;
–   Үлкен топ, 12-14 жас аралығындағы жас жеткіншектер қатысады.
–   Байқауға берілген  (жас ерекшелігіне қарай)  «Алпамыс батыр»,  «Қыз Жібек» жырларын міндетті түрде толығымен жатқа  білу  және  басқа да жырлардан үзінділер оқу
–   Қазақтың ұлттық аспаптарының бірінде ойнай білу
–   Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу
–   Қазақи нақыштағы киім үлгісі
–   Жыр айтудан басқа да өз өнерін көрсету, яғни ұлттық аспаптың сүймелдеуімен халық әндері, термелер орындау, немесе күй тарту


Аймақтық айналым өңірлерде 2014 жылдың 13-19 мамыр аралығында (Атырау, Шымкент, Өскемен, Көкшетау облыстары және Алматы мен Астана қалаларында өтеді). Жартылай және ақтық кезеңідер маусым айында Астана қаласында өтеді.


Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде:


– шығарманы жаттау және есте сақтау қабілетіне;
– шығарма оқу мәнеріне;
– әртістік шеберлігіне назар аударады. 

 
Тұңғыш дарынды жыршылардың өнер бәйгесінде өз бағыңды сына! Нағыз қазақтың баласы атан! Байқау ережелері мен жыр нұсқаларын  «Балапан» телеарнасы сайтынан www.balapantv.kz ала аласыздар. 
Байқаудың ақпараттық демеушісі «Әдебиет порталы». 


adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар