10 томдық қазақ поэзиясының антологиясы жарық көрді

Бөлісу:

04.02.2015 5611

Ертең, яғни 4-ші ақпан, сағат 15.00-те Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада «Жыр маржаны» атты он томдық қазақ поэзиясы антологиясынның тұсаукесері өтеді.


DSC_4251.JPG

Антологияны Атырау облысы әкімдігінің тапсырысымен және қолдауымен «Мереке баспасы» жарық көріп отыр. Қазақ кітап басу тарихында тұңғыш рет 1977 жылы екі томдық қазақ совет поэзиясының антологиясы және белгілі әдебиетші Сауытбек Әбдірахманов құрастырған (2007 жыл, «Раритет» баспасы) екі томдық антологиядан басқа бұрын-соңды қазақ халқының арғы тарихынан белгілі баба жыраудан бастап бүгінгі жас таланттарға дейін мейлінше толық қамтылған көлемді 10-томдық антология оқырман қолына тиген емес.

10-томдықтың І-томы ұлы бабамыз тасқа қашап жазып кеткен данышпандық жырлары мен түрік қағанатын құрған Құтылығ қағанның ұлы Күлтегін қағанның ел шежіресінен (еркін әдеби нұсқасын жасаған ақын Темірхан Медетбек) басталады.

10 томдық. Антология.jpg

678 ақынның басын қосып, 3000 данамен жарық көрген осынау жыр жәдігерінің әр томы көркем безендіріліп, әр ақынның бейнесі суретшінің қылқаламымен (суретші Алтай Айтжанов) салынған. Антологияны құрастырғандар Мереке Құлкенов пен Гүлсім Мұқышева. Алғысөзін жазған ақын Темірхан Медетбек.


Бөлісу:

Көп оқылғандар