"Ел мен Ер" халықаралық ақындар мүшәйрасы өтеді
Бөлісу:
17.02.2015
3134
Бүгінде әлемге танымал Тәуелсіз Қазақстан тарихы талай ғасырларға табан тірейтіні анық. Бастауын сонау мыңжылдықтар қойнауынан, Көк түріктер қағанаты мен Алтын Ордадан алатын, Керей-Жәнібек хандар құрған Қазақ хандығының 550 жылдығы мемлекетіміздің жылнамасындағы маңызы зор мерейтой екені айқын.
Бұл айтулы аймаңдай датаны айрықша биік мемлекеттік деңгейде жалпыұлттық мерекеге айналдыруды алғаш қозғаған "Ақ жол" партиясы Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, бүкіл қазаққа сауын айтып, Халықаралық мүшәйра жариялайды.
Мүшәйраның мақсаты - жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулитын Елбасымыз ұсынған "Мәңгілік ел" ұлттық идеясынан туындайтын Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі келбеті мен мемлекеттігіміздің негізі болып табылатын Қазақ хандығының қазығын қаққан кемеңгер Керей мен әз Жәнібек ханның образын бейнелеу; қазақ хандығының бастауында тұрған Алтын Орда тарихын таразылау; қазақ тарихындағы қалдырған ізі зор қайраткер тұлғалардың, хан-сұлтандарымыз бен би-батырларымыздың ерен істерін жырлау; рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтау.
Мүшәйраға бұрын жарияланбаған кемінде 3 өлең немесе толғаулар мен дастандар, поэмалар қабылданады.
Бас жүлде (біреу) - 1000 000 теңге.
Бірінші орын (біреу) - 700 000 теңге.
Екінші орын (екеу) - 500 000 теңгеден
Үшінші орын (үшеу) – 300 000 теңгеден.
Арнаулы сыйлықтар (бесеу) - 200 000 теңгеден.
Шығармалар 2015 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады.
Авторлар А4 пішімді 1-ші конвертке бүркеншік атымен жазылған шығармасының компьютерге басылған бес данасын және электронды нұсқасын жолдайды. 2-ші кіші пішімді конвертке автордың шын аты-жөні, 6х9 фотосуреті, мекенжайы, телефондары, эл.поштасы жазылып, аузы бекітіліп, ол 1-ші конвертке салынады.
Қабылдау орны: Астана қаласы, Сарайшық к-сі 11, 5-офис. "Ақ жол" партиясының орталық кеңсесі, 8-7172-602-682, akzholpress@mail.ru
Алматы қаласы, Қалқаман ықшамауданы-3, К.Сейітов көшесі 11, "Қазақ үні" газеті редакциясы, тел 8-727-398-57-31, qazaquni@mail.ru.
Мүшәйра жүлдегерлері мен іріктелген жырлар "ТҰРАН" баспасынан жеке кітап болып шығады.
Ескерту: Жүлдегерлер Астана қаласына келіп-кету жол қаржысы мен жатар орны шығынын өздері көтереді. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
adebiportal.kz
Бөлісу: