Эпиграмма. Бекболат Тілеуханға

Бөлісу:

21.04.2015 2726
бекболат.jpg

Қобызды қойса, тәспіні тартады,
Бақсыны ысырып, жақсыны тартады.
Қазаққа батырып, Абайша айтам деп,
Бекболат Тілеухан, тап шыны, шаршады!

Биліктің ішінде діндар боп жүреді,
Діндарлар ішінде «биліктің жүрегі».
«Халыққа пайдалы сөз айтып қалар» деп,
Қалың ел үнемі құлағын түреді.

Жұма күні намаз сабын құрайтын,
Бас мүптиден шариғатты сұрайтын,
Бес шенеунік ерте алса артынан
Болар еді-ау – «Қалаулысы Құдайдың!»



Өлеңін жазған: Қанат Ескендір

       Әзіл суретті салған: Еркін Нұразхан


Бөлісу:

Көп оқылғандар