Эпиграмма. Владимир Божкоға

Бөлісу:

21.04.2015 3025
божко.jpg

Ауылдар көктем сайын суда қалқып,
Мал-жаны жарысуда жылда малтып.
Төтенше жағдайға сіз төтеп бермей,
Отырсыз «бастық» деген буға балқып.

Лайға етек былғайды момын қауым,
Және жасқа шылайды омырауын.
Есі шығып жүргенде, естімейді
Кеш соғылған «МЧС» қоңырауын.

    Өлеңін жазған: Еркеғали Бейсенов

       Әзіл суретті салған: Еркін Нұразхан

Бөлісу:

Көп оқылғандар