Эпиграмма. Асқар Жұмаділдаевқа

Бөлісу:

22.04.2015 3320
асқар жұмаділда ж.jpg



«Екіге бірді қосса – үш болады, 
Қазақтың басы біріксе – 
Керемет күш болады!» деп, 
Жұмаділдаев теледидардан үйретіп отыр, 
Журналисті қазақы есеппен сүйретіп отыр. 

«Үшті үшке бөлгенде – бір қалады, 
Бөлінгенді бөрі жеп, 
Несібеден құр қалады!» деп, 
Жұмаділдаев арифметикадан шыға алмай отыр, 
Журналисі шала қазақ-ау деймін, 
Көзі жыпылықтап 
Әңгіме төркінін ұға алмай отыр. 

«Алдында таңба болмаса 
Нөлде де құн болмайды» деп, 
«Абайдың сөзін қолдаса 
Қазақтың күні орнайды!» деп, 
Жұмаділдаев жұлқылап оятпақ ойды, 
«Сұхбатыңызға рахмет!» деп, 
Журналист те хабарын аяқтай қойды. 

Өлеңін жазған: Қанат Ескендір

       Әзіл суретті салған: Еркін Нұразхан


Бөлісу:

Көп оқылғандар