Түркиялық журнал бір нөмірін Абайға арнады

Бөлісу:

11.01.2016 2884

абай.jpg


Ыстамбул қаласында шығатын Тэмрин журналының (Temrin) кезекті саны Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналды.

Бұл нөмірде Абайдың өлеңдері мен пәлсапалық зерттеулері жарияланып отыр. Сонымен қатар, Міржақып Дулатұлы, Өмірхан Әбдіманұлы, Бақытжан Майтанов, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұхтар Әуезов, Серік Негимов сияқты қазақ зиялыларының Абай туралы мақалалары да жарияланған.


Айта кетейік, журналдың бұл арнайы нөмірін жазушы, аудармашы Өмер Күчүкмехметоғлу дайындаған. Ө. Күчүкмехметоғлу бұдан бұрын Темрин журналына қырғыз ақыны Алиқұл Осмоновтың 100 жылдығына орай тағы бір арнайы санын жарыққа шығарған болатын.

«Қазақтың ұлы ақыны Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай туған жері – Қазақстаннан мыңдаған шақырым алыста жатсақ та, журналымыздың бір санын арнауды өзімізге парыз санадық. Бұл – екі ел арасындағы мәдени көпірдің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Абайдың туғанына 170 жыл толуына арналған бұл санымыз Алаш қозғалысының 100 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл даталар Қазақ тарихы мен әдебиетіндегі аса үлкен маңызға ие оқиғалар. Біз Абайды ерекше құрметпен еске аламыз!», – деп  атап өтті Өмер Күчүкмехметоғлу.


«Темрин» журналы 2000 тиражбен Стамбулда басылады. Журналдың бас редакторы – Шереф Иылмаз.



adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар