Динара Мәлік: Сәуір самалындай

Бөлісу:

24.01.2016 4599



Ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезовше айтқанда, жастар шығармашылығынан «жыл келгендей жаңалық» күтеріміз анық. Әр көктем келген сайын біз дүниеге өзгеше көзбен, алғаш рет көріп тұрғандай таңдана, тамсана қарайтынымызды қайтерсің. Бір қарасаң өзгерген ештеңе жоқ сияқты, сол дала… сол өзен… сол ағаш, сол аспан… Бірақ біз сәуірдің жылы лебі есіп, жер бусанып, ағаш бүр жарған кезде алыс елден сағынып жеткен құстардың әсем үнін алғаш рет естіп тұрғандай әсерге бөленеміз. Тау да, дала да өзгеріп кеткендей таң қаламыз… Әр көктем бізге өзгеше жұмбақ боп көрінеді. Біз айналаның бәрінен ғажайып сыр оқығымыз келеді… Жүрегімізге жыр құйылғандай күй кешеміз… Әр жас дарынның шығармасына үңілген сәтте сәуірдің сырлы пердесін ысырғандай боласың.


Ақберен Елгезектің жаңа кітабын қолға алған сәтте де дәл осындай көңіл күйді бастан өткердім. Ақберен Елгезек — баспасөз арқылы оқырман қауымға аты танылып қалған жас талант. Өз басым замандастарымды қадағалап оқып жүруді әдетке айналдырғанмын. Солардың ішінде әдебиетке біз-бұрын келген, замандас ағаларымның бірі Ақберен Елгезек.


«Фолиант» баспасынан 2009 жылы жарық, көрген Ақберен Елгезектің «Көлеңкелер күбірі» атты жыр жинағын бір демде оқып шықтым. Жинақ, төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі — «Айнадағы бейтаныс», екінші бөлімі «Ұйқысыраған ұйқастар», үшінші бөлімі — «Тамшыдағы таңбалар», төртінші бөлімі «Сириус сәулесі» (аудармалар) деп аталады екен. Кітапты түгелдей оқып біткен кезде түйгенім – Ақберен Елгезек бұл кітабы арқылы рухани жетілу, өсу жолында екен. Ақын әр шығармасы арқылы тың ой, тосын сезім толқынын беруге құлшынады.


«Бұрыңғы бір түстерімдей көрмеген.

Бұрыңғы бір өмірімдей сүрмеген.

Көк пейіштен көктем исін үрлеген,

Көк аспанда жұлдыз-гүлдер бүрлеген.

Жулдыз-гүлдер…

Ғұмырымда көрмеген.

Жүрегімді емдеңдерші кірлеген!

Іштен сыртқа шығатындай бірдемем,

Сендер жаққа жаутаңдаймын түнде мен», - дейді Ақберен.


Жұлдызды гүлге теңеген ақынды бұрын-соңды кездестірмеппін. Бұл да ақын жүрегінің нәзіктігін білдіретін бір мысал. Зеңгір көктегі жарық жұлдыздар ақын көзіне гүл боп елестеуі әбден мүмкін. Жай ғана гүл емес, «көк пейіштен көктем исін үрлеген» гүлдер… Жүрегіңнің кірін аршып әкетер пейіштің рахман нұры, сырлы лебі.


«Жұлдыз-гүлдер…

Жылап тұрмын мен неге?

Бұл жалғанның жарығына көнген ем,

Білем, білем, шаршап кеттім мүлде мен,

Маңайдағы жұлдызсынған пендеден», - деп түйіндейді ақын өз ойын. Аспандағы жұлдыз-гүл адамның жүрегіндегі кірді қашырса, жердегі «жұлдыздар» жаныңа кір жағып, шаршатады екен… Мұндай кереғар шындық ақынның кестелі сөзі, астарлы ойы арқылы берілгенде санаңа өшпестей қашалып қалары сезсіз.


Ақын жүрегі жалғандыққа, даңғаза мақтанға қарсы. Ол шынайылықтан, тазалықтан жанына рухани нәр алады.

«Ақ түбіт бұлттар көшімен,

Армандап Күнге көшіп ем..

Жусанды иіскеп айықтым,

Жымиған гүлдер ішінен.

Ақ мамық қарға айналып,

Ауада жаттым жайланып.

Құмардың шөбін тістедім,

Құмырсқаша ойланып.

Жұлдызға қарап сәулелі,

Санамнан қудым әурені.

Жылап та тұрып, ән салдым,

Өтіп те жатыр дәуренім».


Ақын жаны ақ мамық бұлттармен бірге Күн жаққа қарай көшеді… Ақ мамық қарға айналады…«Құмардың шөбін тістеп», құмырсқаша ойланады… (Құмардың шөбі – шылым шығар?). «Құмырсқада ой бар ма?» деп базбіреулер дау айтуы мүмкін. Құмырсқа – ең еңбекқор жәндік. Бұл жерде ақын ой еңбегін меңзеп отыр. Көркем, сұлу суретпен йшыңтай беріп отыр.


Ақынның жырларынан біз көбіне көңіл күйдің толқынысын, нәзік психоло-чзмді байқаймыз. Табиғат пен адам жанының астасып жатқанын сеземіз. Аңберен-щ өлеңдерінде жұлдыз, ай, аспан әлемі алдыңыздан жарқырап өзгеше бір сұлу >імбатымен көрініс беріп отырады. Көк дөнен көңілдің тізгінін тартпай, зеңгір көкке арай шарықтауы ақындық табиғаттың заңдылығы іспетті. Ақын жүрегі әмәнда ііктерге құштар.


«Ех, көңілім, көңіл-ай, көк дөненім, Арманым бар, елім-ай, көкте менің. … Тәтті уйқымнан оятатын кенеттен, Қу тіршілік! Мен сеніжек көремін!» — ген жолдардан арманшыл ақынның жүрек лүпілі сезіледі. Адам кейде өмірге жек ре тұрып та ғашық болады… Жалпы, жек көру мен ғашың болудың арасы бір-ақ дам деп бір ойшылдың айтқаны бар еді… Ақың «Ңу тіршілік, мен саған ғашықпын!» се мен сенбес едім. Ал, ақын жек көремін десе, оның шексіз сүйетінін арғы түйсік қылы сезінесің…


«Алдымвн Сөз!

Содан кейін барлығы,

Солай едіХақ Тәңірдің жарлығы.

Сөзден ғана пана тпапқан жүрвгі,

Аянышты ақындардың тағдыры.

Алдымен сөз!

Содан кейін барлығы,

Солай еді Ұлы ақынның жарлығы.

Содан бері қарашықтың түбінде

Жаратқанның жазылмайтын бар мұңы.

Алдымен Сөз!

Содан кейін тіршілік,

Вір қурсақта булқыныпты, түншығып.

«Иүн!» дегенде көкжиектен күн шығып,

«Түн!» — дегенде қыр астынан түн шығып,

Шайыряордьі ңушақтайды қымсынып.

Алдымен Сөз! Содан кейін өлең деп…

Әріптерден қүралатын әлемде.

Жүлым-жулым дәптеріне ғаламның

Иөз жасы боп тамшылайды өлеңдер…

Алдымен Сәз! Содан кейін бар дала,

Тымырайып жалган сөзге алдомар.

Жүректерге көшер ме екен сүрті-.мвй,

Тамшыдагы таңбалар?..» — деп толғанады ақын.


Сөздің қудыретін ақыннан өзге кім түсінер? Сездің киесін ақыннан өзге кім цастерлер?

Ақын Ақберен Елгезектің жаңа жыр жинағы тосын теңеулерге, көркем бояуларға толы. Ақбереннің көзімен карасақ, аспанның арғы жағындағы өмірдің сыры терең… Ақын оны тус арқылы, элегия арқылы, фантазия арқылы әсерлі бере білген. Ақын-ның өмірден кейінгі өмір туралы философиялық ойлары, жүмақ, тозақ жайлы жырла-ры адам жанын селт еткізері даусыз, Ақберен кейде мистикаға да кетіп қалады. Жер мен көктің арасын еркін шарлайды. Ойына, қиялына қанат бітіретін әсерлерін ой көрі-гінде суарып, жүрекке жететіндей таза сезімге малындырып, ақ қағаздың бетіне әдемі кестелейді.


Біз бул жолы әдеттегідей сөз соңында ақынның өлеңдерінен кемшілік іздеп, ақыл эйтудан байымызды әдейі аулақ устадық. Өйткені әділ сыншы оқырман ез бағасын бере жатар деген ойдамыз. Біз көңілімізді толқытқач, жанътыгға сәуір самалын-дай жайлы тиген ақын жырларына деген ризашылығымызды ғана білдіргіміз келді. Өміршең өлең өзгелердің де өзегіне шок, тастар деген ойдамыз…


Бөлісу:

Көп оқылғандар