Т. Молдағалиевке арналған республикалық жазба ақындар мен әншілер байқауы
Бөлісу:
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақ поэзиясының дамуына зор үлес қосқан аса көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиевтің жауһар жырларын ұрпаққа өнеге ету, мол мұрасы арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында 2016 жылғы қыркүйек айында Қазақстан халқы тілдері мерекесі қарсаңында «Жүрегі жырдан жаралған» атты республикалық жазба ақындар мен әншілер байқауын өткізеді.
Байқау шарты:
- Байқауға әр облыстан, Астана, Алматы қалаларынан 20-30 жас аралығындағы 2 үміткер ғана (1 ақын, 1 әнші) қатыса алады;
Қатысушы ақын 2 тапсырма орындайды:
- Т. Молдағалиевке арнау өлеңі;
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған өлеңі.
Өлең көлемі 15 шумақтан аспауы қажет, бұрын жарияланбаған болуы керек.
Қатысушы әнші жанды дауыста Т. Молдағалиевтің сөзіне жазылған бір ән орындайды.
Байқауда орындалатын әндердің қайталануын болдырмау үшін алдыңғы берілген жазбаша өтінімдерде көрсетілген әндерді кейінгілер орындай алмайды.
Байқауда қазылар алқасы үміткерлердің:
- өлең-жырларындағы сөз қолданысына, ұйқасына;
- ой тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне;
- шығармаларды жатқа оқу шеберлігіне;
- сахна мәдениетіне;
- киім үлгісіне;
- дауысының бояуына;
- әнді айту мәнеріне;
- әннің образын беруіне назар аударады.
Жергілікті жерлердегі тілдерді дамыту жөніндегі басқармалар (немесе басқа құрылымдардағы тіл бөлімдері) қатысушылар туралы мәліметті (жеке куәлігінің көшірмесі, фотосуреті, жұмыс, оқу орны, байланыс телефондары), оқитын жырларының, орындайтын әнінің атауын 2016 жылғы 1 тамыздан 1 қыркүйекке дейін электронды түрде Басқарманың электронды поштасына жолдайды
Жеңімпаздарды марапаттау.
Байқау жеңімпаздары Алматы облысы әкімінің арнайы жүлдесімен, Диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Ескерту: Жүлдегерлердің жол шығыны қатысушы есебінен, жатын орны, тамағы ұйымдастырушылар тарабынан төленеді.
Біздің мекенжайымыз:
Талдықорған қаласы, Тіл сарайы, І. Жансүгіров көшесі, 36/б.
Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.
Байланыс телефондары: 8(7282) 40-01-67, 40-01-56, 40-01-60,
факс: 8(7282) 30-59-50
E-mail: obl.til.damytu.5@mail.ru
Бөлісу: