Алматыда жас қазақ ақындарының ерекше жыр кеші өтеді

Бөлісу:

29.11.2016 2197


ЖАЗУШЫ.jpg
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде 11 желтоқсан күні сағат 16:00-де жас қазақ ақындарының «Тәуелсіздік – ұраным, Атамекен – жыр әнім» атты республикалық жыр кеші өтеді. 

 Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Желтоқсан көтерлісінің 30 жылдығына және алдағы жылы атап өтілетін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 25 жылдық мерейтойына орайластырылған. 

 Ел тәуелсіздігін ұлықтау, егемендікті жырлау, жастарды отансүйгіштік пен патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өткелі отырған бұл шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен таңдаулы 25 ақын қатысады. 

 Жалынды жастардың жарқыл жырларымен сусындап, ел тәуелсіздігі ұлықталған салихалы кештің куәсі болыңыз!

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар