Рахымжан Отарбайдың "Әміре" драмасының премьерасы!

Бөлісу:

03.12.2016 3023

АМРЕ.jpg
Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өз көрермендері назарына кезекті жаңа премьерасын ұсынады. 6 желтоқсанда Бейбітшілік және келісім сарайы сахнасында «Әміре» драмасының премьерасы қойылмақ.

 Драманың авторы – танымал жазушы, драматург Рахымжан Отарбаев. Спектакльдің қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, Нұрлан Жұманиязов, бас суретшісі Берік Бурбаев, хормейстері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Амантай Жұмашев. 

Бұл драматург Рахымжан Отарбаев пен режиссер Нұрлан Жұманиязовтың Қалибек Қуанышбаев театры сахнасындағы бірлескен екінші жұмысы. Бұған дейін «Нашақорлар жайлы новелла» пьесасының желісі бойынша «Көлеңкесіз жолаушы» драмасы сәтті қойылып, көрерменнің сүйікті қойылымдарына айналған еді. Енді алда «Әміре» драмасы жарық көрмек. 

Театр баспасөз қызметінің мәліметінше, Әміренің суреткерлік шеберлігі мен өміріндегі құпиялары жайындағы драматург Рахымжан Отарбаевтың туындысы, режиссер Нұрлан Жұманиязовтың қолтаңбасымен үйлесіп сахна атты киелі әлемге жол тартпақ. 1925 жылы Парижде өткен Бүкілдүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ Әміре Қашаубаевтың тағдырына арналған туындының өзіндік сахналық шешімдері көрермендерді бей-жай қалдырмасы анық.

 Спектакльдің бас кейіпкері «Әміре» бейнесін театр артистері Қасымхан Бұғыбай мен Асылбек Қапаев сомдайды. Премьераның басталуы 18.30-да


adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар