«Алтын тұғыр» жүлдесінің иесі анықталды

Бөлісу:

07.12.2016 4969


 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «АУЫЛ» партиясы мен «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының» ұйымдастыруымен өткен ауыл тақырыбына арналған жас ақын-жазушылар арасындағы «Ауылым – алтын тұғырым» атты әдеби онлайн конкурсының жеңімпаздары марапатталды.


 

Ауыл1.JPG

                         на сайт 01(2).JPG


 

Марапаттау рәсімі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ғимаратының концерт залында өтті.

 

                         Ұларбек.JPG 
 


 


 

Поэзия аталымы бойынша:


 

Ұларбек Дәлейұлы – 1-орын 500 мың теңге сыйақыны иеленді.

Дәурен Берікқажы – 2-орын 300 мың теңгені қанжығасына байласа,

Адал Қалиұлы – 3-орын 200 мың теңгемен марапатталды.

 

Үміткерлер саны көп болғандықтан ұйымдастырушылар тағайындалатын 9 жүлделі орынға қосымша 8 арнайы әдеби сыйлық қосуды ұйғарған.

 


 

Поэзия аталымы бойынша арнайы жүлдеге ие болғандар:

 

Ілияс Мұқайұлы – Тұманбай Молдағалиев атындағы сыйлыққа иелік етті.

Айжан Табаракқызына – Фариза Оңғарсынова атындағы сыйлық бұйырды.

Алтынқадыс Күнтуғанұлына – Есенқұл Жақыпбеков атындағы сыйлық табыс етілді.

Нәзерке Рамазанқызы – «Әдебиет порталының» ақын Әмірхан Балқыбек атындағы сыйлығымен марапатталды.

 

 

Проза аталымы бойынша:

 

Өміржан Әбдіхалықұлы – 1-орын 500 мың теңге сыйақыны қанжығасына байлады.

Мақсат Рамазанұлы – 2-орын 300 мың теңгені иелік етті.

Есболат Айдабосынұлы – 3-орын 200 мың теңгемен марапатталды.

 


 

Проза аталымы бойынша арнайы жүлде:

 

Асан Әлиев – Сайын Мұратбеков атындағы сыйлық,

Қанат Әбілқайыр – Тәкен Әлімқұлов атындағы сыйлық,

Мұрат Алмасбекұлы – Сәкен Жүнісов атындағы сыйлыққа қол жеткізді.

                                                                                                                  1 orin.JPG 
 

                                                                                  

Драматургия аталымы бойынша:

 

Манарбек Қыдырбай – 1-орын 500 мың теңге,

Алмас Мырзахмет – 2-орын 300 мың теңге,

Әскерхан Ақтай – 3-орын  200 мың теңгемен марапатталды.

 


 

Драматургия аталымы бойынша арнайы жүлде:

 

Маржан Ершу – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы сыйлыққа;

Мінәйхан Салтанат – Асқар Тоқпанов атындағы сыйлыққа,

Айсұлу Жолтайқызы – Қалтай Мұхамеджанов атындағы сыйлыққа иелік етті.


 


 

Конкурстың Гран-при «Алтын тұғыр» жүлдесі ақын Ұларбек Дәлейұлына табыс етілді. 


 

IMG_1820.JPG

  

ауыл2.JPG

Ауыл.jpg 
 

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар