«Мәңгілік Елім менің – Вечная Страна моя» антологиясы таныстыралады
Бөлісу:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасында 12 желтоқсан күні Қазақстан Жазушылар Одағы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Халықаралық «Алтын Қыран» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік Елім менің – Вечная Страна моя» антологиясының тұсаукесер рәсімі өтеді деп жоспарланып отыр.
Шығармалары екі тілде қатар берілген кітапта ел аумағында тұратын қазақ, орыс, украин, белорус, татар, түрік, күрд, ұйғыр, неміс, кәріс, армян, шешен, дұңған, осетин, өзбек, ингуш ақындарының үздік өлеңдері топтастырылған.
Аталған шараға кітап авторлары, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, бизнес және мемлекеттік орган өкілдері, ҚР Парламенті депутаттары мен этномәдени және қоғамдық құрылым өкілдері қатысады.
adebiportal.kz
Бөлісу: