Ұлттық кітапханадағы латын қарпімен жазылған кітаптар тізімі
Бөлісу:
Қазақстанда 1929-1940 жылдары латын әліпбиінің қолданылғаны белгілі. Арада 80 жылға жуық уақыт өткенде тарих қайталанып, тәуелсіз Қазақстан замана көшіне ілеспек ниетпен, әліпбиін кириллицадан латыншаға көшіру туралы шешім қабылдады.
Нәтижесінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі кітапханалар өз мұрағаттарындағы кезінде латынша жарық көрген кітаптарды көрмеге қойып, арнайы зал аша бастады. Олардың басында Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана тұр. Кітапхананың сирек қорындағы латын қарпімен жарық көрген кітаптардың тізімі төмендегідей:
1. Шаттық жыры. Жас ақындардың ұлы Октябрь революциясының ХХ жылдығына арналған өлеңдер жинағы. ҚКӘБ, 1937.
2. Мұңлық-Зарлық. – А.: Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасы, 1941.
3. Әбдіқадыров Қ. Тәтті қауын. А.:ҚКӘБ,1936.
4. Әбдіқадыров Қ. Есек пен өгіз. Суретін салған П. Ниязов. – А.: ҚКӘБ,1937.
5. Әбдіқадыров Қ. Тапқыш. Ертегі. – А.: ҚКӘБ, 1937.
6. Тәжібаев Ә. Таңдамалы өлеңдер. – А.: ҚКӘБ 1939
7. Пушкин А.С. Сказка о золотой петушке. (перевод Ш.Шинасилова). – А.: КИХЛ, 1937
8. Пушкин А.С. Өлеңдері. Аударған Тоғжанов Ө. – А.: ҚКӘБ, 1937 ж.
9. Майлин Б. Өтірікке бәйге. Ертегі. – А.: ҚКӘБ, 1937.
10. Алдар Көсе. Құрастырған Өтепұлы. Алматы 1936
11. Қазақ ақындарының өлеңдері. – А.: ҚКӘБ, 1939.
12. Набокова М.Е, Воронцова-Вельяминова Б.А.Астрономия. Алма-Ата.-1939
13. Мұқанов С. Сөз – Советтік Армия. – Алматы, 1939
14. Майлин Б. Алыптарды аралағанда. –Алматы, 1934
15. Майлин Б. Маржан. – Алматы, 1936
16. Құнанбаев А. Таңдамалы өлеңдері. – Алматы, 1939
17. Майлин Б. Толық жинағы Т.4 – Алматы, 1936
18. Пьесалар. – Алматы, 1940
19. Майлин Б., Мүсрепов Ғ. Амангелді. – Алматы, 1935
20. Ерубаев С. Менің құрдастарым. – Алматы, 1939
21. Жамбыл. Сұраншы батыр. – Алматы, 1939
22. Төлебаев К. Әліппе. Алма-Ата.-1940 жыл
23. Хансуваров И. Латинизация – орудие ленинской национальной политики. - Алма-Ата, 1932
24. Қазақ Советтік Социалистік республикасы. – Алматы, 1939
25. Пьесалар. - Алматы, 1940
26. Алтын даурен. – Алматы, 1939
27. Кенесбаев С. Әліппе. – Алматы, 1938
28. Кенесбаев С. Әліппе. – Алматы, 1940
29. Терехкова Л., Эрдели В. География. – Алматы, 1939
30. Тетюрев В. Естествознание. – Алматы, 1940
31. Баранский Н.Н. Физикалық георграфиясы – Алматы, 1938
32. Барков А., Половинкин А. Физикалық георграфиясы – Алматы, 1938
33. Жиенбаев С. Қазақ тілі. – Алматы, 1939
34. Қазақ тілінің программасы. – Алматы, 1936
35. Қазақ тілі. – Алматы, 1938
36. Верховский В.Н., Гольдфарб Я.Л., Сморгонский Л.М. Органикалық химия. – Алматы, 1939
37. Гольдфарб Я.Л., Сморгонский Л.М. Химияның жаттағулары мен есептері. – Алматы, 1939
38. Рыбкин Н. Геометрия есептерінің жинағы. – Алматы, 1940
39. Рыбкин Н. Геометрия есептері. –Алматы, 1937
40. Попова Н.С. Бастауыш мектептің арифметикасы. –Алматы, 1937
41. Шапошников Н.А., Вальцов Н.К. Алгебра есептері –Алматы, 1938
42. Кисилев А. Алгебра – Алматы, 1939
43. Фалеев Г.И., Перышкин А.В. Физика. – Алматы, 1938
44. Фалеев Г.И., Перышкин А.В. Физика. – Алматы, 1939
45. Төлебаев К. Оқу кітабы. – Алматы, 1940
46. Төлебаев К. Оқу кітабы. – Алматы, 1935
47. Тоқмағамбетов Ә. Оқу кітабы. – Алматы, 1940
48. Бекхожин К. Әдебиеттік оқу кітабы. – Алматы, 1939
49. Набоков М., Воронцов-Вельяминов Б.А. Астрономия – Алматы,1938
50. Всесвятский Б.В. Ботаника. - Алматы, 1938
51. Қабанов А. Анатомия. – Алматы, 1940
52. Руставели Ш. Витязь в тигровой шкуре. – Алматы, 1938
53. Лермонтов Ю. Сборник поэм и стихов. – Алматы, 1939
54. Арсеньев В. К. Дерсу Узала. – Алматы, 1939
55. Гребнев Г. Арктания. – Алматы, 1940
56. Ильин М. Рассказ о великом плане. – Алматы, 1938
57. Пушкин А.С. Таңдамалы шығармалары Т. 1. –Алматы, 1936
58. Пушкин А.С. Таңдамалы шығармаларыТ. 2. –Алматы, 1937
59. Дефо Д. Робинзон Крузо. – Алматы, 1935
60. Горький М. Менің университетім. – Алматы, 1935
61. Бекеев Д., Сейтбеков А. Ел қорғауында. – Алматы.-1937 жыл
62. Байзаков И. Алтай аясында. Алматы. – 1939
63. Серебряков У. Шанғымен жүруді қалай үрену керек. – Алматы, 1939
64. Бокс. – Алматы, 1938
65. Отан қорғау өлеңдері. – Алматы, 1940
66. Кавказ. - Алматы, 1941 жыл
67. Алма-ата облысы. – Алматы, 1939
68. Всесвятский Б., Вучетич В., Козырь И. – Өсімдіктер туралы ғылым және дін. – Алматы, 1938
69. Длогошеев Б. Колхоз «Қызыл Ту». – Алматы, 1940
70. Мақанов А. Таулар қалай құрылған – Алматы, 1939
71. Алдабергенов Т. Менің табун жолымен жылқы өсіру тәжіребем. – Алматы, 1940
72. Әбдікадыров Қ. Есек пен өгіз. – Алматы, 1937
73. Лондон Д. Кише туралы аңыз. – Алматы, 1937
74. Свифт Д. Гулливер лилипуттар арасында. – Алматы, 1937
75. Корней Чуковский. Доктор Айболит.Алма-Ата.-1938 год
76. Тургенев И.С. Бежин луг. – Алматы, 1938
77. Фадеев А. Метелица. – Алматы, 1936
78. Горький М. Дед Архип пен Ленька. –Алматы, 1937
79. Гаршин В. Сигнал. – Алматы, 1937
80. Маршак С. Өрт. – Алматы, 1938
81. Ибрагимов Ғ. Терең тамырлар. – Алматы, 1936
82. Чуковский К. Доктор Айболит. – Алматы, 1938
83. Распе Е. Мюнхаузеннің басынан кешкендері. – Алматы, 1935
adebiportal.kz
Бөлісу: