«Сырым жортқан сары дала...» мүшәйрасы жарияланды

Бөлісу:

25.07.2018 4689

«СЫРЫМ ЖОРТҚАН САРЫ ДАЛА…» Республика ақындарының жабық конкурсы


(Сырым Датұлы бастаған Ұлт-азаттық көтерілісіне 235 жыл)

Атырау облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен жарияланып отырған жабық конкурсының шарттары:


1. Конкурсқа 40 жасқа дейінгі ақындар қатысады;

2. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан алған атағы бар ақындар қатыса алмайды;

3. Өлең 10 шумақтан аспауы тиіс;

4. Шығарма жасырын атпен Agatai_2005@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі. Бөлек конвертке жасырын атын, жеке куәлігінің көшірмесін, өлең тақырыбын, өзінің телефоны мен тұрақты мекен-жайын төмендегі адреске жіберуі тиіс. Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 11 (аула ішіндегі ғимарат), Қазақстан Жазушылар одағының Атырау филиалы.

Марапаттар:

1. Бас жүлде – біреу;

2. Бірінші орын – біреу;

3. Екінші орын – екеу;

4. Үшінші орын – үшеу.

Бұдан басқа арнайы және шабыттандыру сыйлықтары қарастырылған. Қазылар алқасына жүлдегерлерді анықтау үшін берілген шығармалардың тақырыбы, авторларының аты-жөні көрсетілмейді. Конкурс қорытындысы осы жылдың қыркүйек айының аяғында шығарылады. Марапаттар Атырау қаласында тапсырылады. Ұйым дастырушы Қазақстан Жазушылар одағының Атырау филиалы.

Байланыс телефондары:


87017366473, 87783224107, 87122-75-57-48.

Бөлісу:

Көп оқылғандар