ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы төрінде қазақ әдебиетінің классигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, бүгінге дейін «Тасжарған», «Қорқау жұлдыз», «Шер», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай», «Тәж», «Жаңбырлы түндер» сынды романдар, «Тұлпардың ізі», «Арман атаман», «Қараш-қараш», «Мұстафа Шоқай» секілді кинотуындылар берген әйгілі жазушы Әкім Таразидің атына берілген залдың ресми ашылуы және қаламгердің ХІІІ томдық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті.
Кітапхананың төртінші қабатында орналасқан, заманауи құралдармен жабдықталған Әкім Тарази залында 2016 жылы жазушы өз қолымен тапсырған классиктің 1048 дана кітабы, жеке қорынан алынған фотосуреттер, қолжазбалар мен коллекциялары қойылған.
Залдың ашылуына Астана қаласы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасы Рустам Әли, белгілі қаламгер Қуаныш Жиенбай, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры міндетін атқарушы, профессор Нұртаза Раушан қатарлы жазушы, лауазымды тұлғалар сөз сөйлеп, ашылып жатқан оқу залы үшін классик отбасына құттықтаулар айтып, ізгі тілектерін, ыстық-ықыластарын жеткізді.
Студенттер мен магистранттардың, болашақта жазушы болам деп талаптанып жүрген жастар үшін Әкім Таразидің рухани шаңырағына келіп, жазушымен бірге талай туындыны қағазға түсірген машинка мен қаламсабын, сия құятын құтыларын көру – өзінше бір естелік, өзінше бір рухани байланыс көзі екені сөзсіз.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.