Ілияс Есенберлин туралы 10 дерек
Бөлісу:
1.Ілияс Есенберлиннің әке-шешесі тұрмыс тапшылығын көп көріп, өмірден ерте өтіп кеткен. Ол бала кезінен інісі Раунақпен бірге жетімдер үйінде тәрбиеленеді. Осы деректі естігенде әлемдік классик жазушы Э.Хемунгейдің «Жетімдерден ғана шын жазушы шығады» деген пікірі ойға орала береді.
3. Ілияс Есенберлиннің атақты «Көшпенділер» трилогиясы 30 жылдың ішінде 50 рет басылып, жалпы тиражы 3 миллион данадан асып кеткен. Бұл қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен көрсеткіштердің бірі болып саналады.
4. Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойы, Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдық датасымен тұспа-тұс келді. 100 жылдық мерейтойы Юнеско көлемінде аталып өтті.
5. Жазушының 17 романы мен көптеген шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылған.
6. Ілия Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясын жазған кезде сол кездегі жас зерттеуші Мұхтар Мағауинді дерек жинауға жұмсаған. Ол туралы Мұхтар Мағауин өзінің «Мен» деген ғұмырбаяндық романында кеңінен әңгімелейді.
7. Жазушы романдарынан алған қаламақысының бір бөлігін өзінің соңынан еріп, қалам ұстаған шәкірттеріне бөліп берген. Ол туралы шәкірті Тұрсын Жұртбай айтып берді.
8. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» жинағы ел арасында өзара сыйлыққа жиі тартылады.
9. Жазушының «Көшпенділер» шығармасын 1986 жылы орыс тіліне тәржімалаған қазақстандық жазушы Морис Симашко осы аудармасы үшін республиканың мемлекеттік сыйлығын иеленген.
10. Трилогияның тек орыс тіліндегі тәржімесі 12 мәрте қайта басылып, жалпы тиражы 1,5 миллионнан асып түседі.
adebiportal.kz
Бөлісу: