Әдебиет порталының тілшісі «Алтын тобылғы» байқауында топ жарды

Бөлісу:

04.12.2020 5966

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын қорытындылады. Жүлде конкурс негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалды: «Жылдың үздік прозасы» Бақытбек Қадыр (Túrkistan газетінің тілшісі) Нұр-Сұлтан қаласы; «Жылдың үздік поэзиясы» Жәнібек Әлиман (Қарағанды); «Жылдың үздік драматургиясы» Қолғанат Мұрат (Алматы); «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» Хамит Есаман (Тараз қаласы); «Абайдың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды» Ұмтыл Зарыққан (Нұр-Сұлтан қаласы), Бағашар Тұрсынбайұлы (Алматы). Әр номинацияның жеңімпазына «Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты атағы және 2 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық берілді. Ал арнайы номинацияның жеңімпаздарына 1,5 миллион теңге көлемінде сертификат табыс етілді.

«Әдебиет порталының» тілшісі, Ұмтыл Зарыққан «Абайдың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды» номинация бойынша топ жарды.

Ақын шығыстың шертпе күйіндей шерлі, шымыр, қоңыр да бұйра толқынды келетін, кейде бойлауық күйлердей өршіл жырларында ел мен жер, адам, тағдыр, махаббат, сағыныш турасындағы тұнық та мөлдір сезімдері көрініс тапқан «Бозжусан бүр жарғанда» жыр жинағының авторы. Бұған дейін де бірнеше мәрте республикалық, халықаралық жыр мүшәйралардың жеңімпазы атанған. Әдеби ортада мойындалып, есімі елге таныла бастаған әріптесімізді жүлдесімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

Бөлісу:

Көп оқылғандар