БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Бөлісу:

29.11.2021 3695

Нұр-Сұлтан қаласы 2021 жылғы 30 қараша

Басталуы: 16.00.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы 23-15 көшесі, 8/1

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театр Кіші залы

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының қорытынды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Республикалық конкурсқа журналистерден 300-ге жуық материал келіп түсті. Ережеге сәйкес ел аумағындағы БАҚ-та жарияланған журналистік еңбектердің мазмұны мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту, қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалын талдау және оған мониторинг жүргізуге бағытталған.

Конкурстың қорытындысы бойынша «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша жүлдегерлер мен бас жүлде иесі марапатталады. Бас жүлде иегеріне 1 000 000 теңге табысталады.

Конкурсқа ұсынылған еңбектерді елімізге белгілі журналистер мен филолог ғалымдардан құрылған арнайы қазылар алқасы сараптап, жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады.

Ісшараға зиялы қауым және БАҚ өкілдері, конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлері, өнер адамдары қатысады.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 27-71-33, 87076864474, 87075333873

Бөлісу:

Көп оқылғандар