Ғалихан Ахметовтің Біржан сал романы
Бөлісу:
Қазақ мәдениеті мен өнерінің ұзына тарихында алыстаған сайын жарығы нұрлана, сәулелене түсіп, зорая, өркештене көрінетін біртуар тума таланттар тобы аз емес. Өзіндік үрдісі, төлтума мәдениет көшпелі қоғакмда қалыптасқан қазақ руханияты XIX ғасырда өзінің шырқау биігіне шықты. Қазақ елі, қазақ даласы Ресейдің отаршылдық қанды шеңгеліне түскеннен бастап, ұлы даланың ен төсіне орыстық, еуропалық үрдіс-салт, жат тұрмыстық-шаруашылық жүйе бөгде өркениеттік дүнеитаным мен сана сыналап кіре бастады. Кей жағдайда еуропацентристік ағымға ұласқан бұл дерт жегі.... құрттай кеулеп, шырғасы бұзылмаған қазақ рухына елеусіз зиян әкеліп, зарарлы, зардапты, апаттықұбылыстарға дейін жеткізді. Міне, осындай алмағайып тұста өзінің ғасырлар бойғы емендей біріктігін, күндей күш-қуатын, аруақты да киелі болмысын қазақ рухы тағы да көрсетті.
Бұл кезеңде ұлы даланың қай қиырынан да арқалы әнші-ақындарды, майталман жүйрік айтыс ақындары, дәулескер күйшілер мен саңлақ сал-серілер секілді өнерпаз тұлғаларды көптеп кездестіруге болатын еді. XIX ғасыр шын мәнінде қазақ мәдениетінің ұлы Ренессансы, алтын ғасыры көне дәірден үзілмей келе жатқан барша ғасырдағы қазақ мәдениетінің көркемдік түйіні, классикалық өнер бітімі, болмысы, қалыптасқан, квитэссенциясы болды. Қазақ мәдениті мен өнері бұл кезде әбден шар болаттай суарылған болатын.
Тау тасы күңіреніпән салған, ғажайып өнер мен сұлу жырдың өлкесі болған киелі де асқақ көгілдір Көкше қашан да хас жүйріктер мен таланттарға кенде болмаған гой. Әсемдік пен көркемдікті табиғатқа молынан бере салған дарқан жаратылыс оның қайнауында тіршілік еткен перзенттерін де осы сыйдан құр қалдырмаса керек. Табиғаттың таза да сұлу жаратылысы мен әсем пісіні серілікті, сұлулықты, әдемілікті, ізгілікті ту еткен өнер иелерінің сан қырлы таланты, жарқыраған алуан түрлі бітімі жарасым тауып, жарқын күйде астасыпкеле жатуы ежелден белгілі жәйт. Ән мен жырдың киелі ордасы болған Көкшеден даналық иіріммен Тоғжан ақын, айналысып әсем де сұлу, зарлы да мұңлы, әуезді ән мен жырға бөлеп сал Біржан мен сері Ақан, Балуан Шолақ, гәккулеткен Үкілі Ыбырайлар да өтті. Бүгінгі ұрпақ сал асылдарымыз бен жүйріктеріміздің өнердей өнегелі жолдарынан ғибрат, өнеге алып терең зерделеп жатса, ол дәстүр жалғастығының заңды ерекшелігі болмақ. Міне, осы нәрлі де құнарлы топырақтан қуат алып өскен асылдарымыздың бірі-аспандағы аққуға әнін (үнін ) қосқан Біржан Қожағұлұлы.
Ал енді осы Алаштың ардақты тұлғасының өнерпаздық болмысын бұрындары да прозалық жинақтармен көрініп жүрген жергілікті жазушы Ғалихан Ахметов қалың романына арқау етіпті. Жалпы қазақ әдебиетінде Біржанның көркем бейнесі, өнерпаздық тұлғасы, Біржан тақырыбы аз жазылмапты. Бұл тақырыпты кемеңгер жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Біржанға арналған тарау, арқалы ақын С.Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасындағы Біржан салға арналған жеке тараудан тартсақ біраз қазақ қаламгерлері Біржанның өнерпаздық тұлғасын көркем шығармаларына өзек еткен. Мысалы І.Есенберлиннің «Біржан сал» поэмасы, А.Сүлейменовтің «Адасқақ» повесі, Е.Асқаровтың «Біржан сал» атты трагедиясы т.б. атауға болады. Ендігі әңгіме бұл жаңа дүниенің өзіндік ерекшелігі неде? Біржанның өнерпаздық болмысы көркем бейне ретінде сомдалып, биік көркемдік -идеялық талаптардың шырқау деңгейінен көріне алды ма?
Жалпы тарихи тұлғаны өзек етіп, тарихи тақырыпқа қалам тербеу оңай шаруа емес. Тарихи-көркем жанр – үлкен жауапкершілікті, білімдарлықты, ерен қайрат – жігер мен зогр эрудицияны қажет ететін күрделі дүние. Тарихи шындық пен көркемдік шындық, көркмдік қиялға жүгінетін ойдан шығарумен шындық болмысты астастырып көркем дүние жасау телегей мүмкіндіктерді тілейді.
Тарихи көркем жанр дегенде тарихилық ұғымы еске түседі. «Тарихилық әдеби шығарманың тарихи-әлеуметтік ортамен, белгілі бір халықтық мәдени тарихымен, салт-дәстүрімен, ырым-нанымдарымен, ұлттық мінез, ойлау ерекшеліктерімен аңсар арманымен тамырлас құбылыс. Осынау «тарихилық» ұғымы суреткер дүниетанымының шартараптылығына, асқан білімдарлығына яки мынадай таным кезеңдерінің (ретрогноз) 2) бүгінгіні (презентогноз), 3) болашақты (прогноз) жетік, жан-жақты меңгергеніне тікелей қатысты.
Сонымен тарихилық белгілі бір заманнның нақты тарихи жағдайларын, қайталанбас келбеті мен өзіндік қасиеттерін, мән-мағынасын, болмысын, ұлттық-тарихи және өмір шындығын, идеялық- танымдық тереңдігінт көркемдік тұрғыдан жырлап, тарихтың көркемдік философиясын шеберлікпен жеткізу» (Ысмақова А. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А., 1996.195б)
Көркем әдебиеттегі тарихилықтың біраз мәселесі өткен дәуірлердігі тарихи оқиғаларды, тарихта жасаған қайраткерлердің іс-әрекеттерін өзек ететін тарихи жанрдағы шығармалармен байланыста қарастырылады. Автор дәуірі тынысы, заман келбетін, өткен тарихты, бүгінгі күннің талғам-талабы, таным-түсінігі деңгейінде, қазіргі уақыт аясында, «бүгіндік мәселе» тұрғысынан қарастырады.
Бұл тарихи жанрдағы шығармалардың көркемдік болмыс-бітімі көркемдік шындықпен тарихи шындықтың тұтасып, кірігіп, нәзік ойласуы, жарасым табуы, көркем синтезделуі. Осы арада тарихи шындық ойға оралады.
Тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстар, болған оқиғалар, өмір сүрген тұлғалар арқау болады. Тарихтың, халық өмірінің шынайы болмысын елестету арқылы өткеннің сипаты танылады. Алайда, әдеби шығармадағы тарихаи шындық – көркем бейнелеу тәсілімен берілетін өмір шындығы, яғни, көркемдік шындық. Тарихи шығармада өмірде болған оқиғалармен қатар ойдан шығарылған жайлар аз болмайды, тарихи тұлғалармен бірге көркем қиялдан туған кейіпкерлер араласып жүреді. Мәселе шындап келгенде оқиғаның, кейіпкерлердің өмірде болған не болмағанында емес. Шығарманың барлық мазмұны, оқиғалары, кейіпкерлері көркем ой көрігінен өтіп жиынтықталып, өзгеше бейнелілік сипат алып шығатынында. Әрине, тарихи шығармада айтылмақ оқиғаның өзегі негізінен өмірде болған оқиғалардың асяында алынбақ. Сондықтан жазушы маңызды тарихи жайларды, көптеген нақтылы деректерді анық білу қажет. Ол қанша көркем сурттеулерге барса да тарихи шындықты аттап өтіп, бұрмалауға хақысы жоқ. Өткен дәуір қалай суреттелмесін, бәрі бір сол кездің өз болмысын білдіруі керек. Шындыққа сай нанымды шығуы тиіс. Бұл үшін тарихи дерек көздеріне сүйену шарт.
Жоғарыдағы тарихи жанрға қойылатын көркемдік шарттар Ғалихан Ахметовтің «Біржан сал» романында көптеп табылады. Жазушы басты тұлға Біржанды өзек ете отырып, тұтас бір дәуірдің тарихи шындығын кеңінен, келістіре суреттейді. Автор шығармаға қажетті тарих материалдарды мейлінше еркін игергені байқалады. Біржан дәуірі, Біржан заманы 18 тарауға бөлініп, 6 кітапты құрайды. Роман композициясы мен сюжеті де осы 6 кітапта өріліп жатыр. Автордың тарихи танымы, лингвистикалық, этнографиялық, этнологиялық білім-білігі ересен. Автор тарихи дәуір тынысын, оның рухани атмосферасын нәзік түйсінеді., терең зерделейді. Тарихи дәуір кейіпкерлерінің ішкі жан-дүние болмысына терең бойлай, жіті үңіліп заман болмысын бағамдайды. Кезең сипатынан сыр тартады. Сондықтанда өмір шындығы шығармада өз өң-шырайымен толымды, кемел бітім тапқан. Нанымды шыққан.
Мысалға айтсақ әу баста өзінің қазақтарға деген үстем, шовинистік көңіл-күймен белгілі казак-орыс атаманы, қазақтар Бәске атап кеткен Василий Сердюктің қазақтарға, анық өнері мен мәдениетіне деген көзқарасы өмір мен өлім тайталасқан бір оқиғадан соң мүлде өзгереді. Онысын ол жасырмайды да. Шовистік пиғылдағы ұлына айтқан мына бір сөздерін келтіре кетсек: «Сен қазақтың сал-серісін көрдің бе өзің? Ә-ә, көрген жоқсың. Ендеше тантыма! Жасырақ кезімде, Мәскеу, Петерборда болғаным бар. Сахнадағы әртіс пен әншіні көріп едім. Түк ұнасашы. Бәрі жасанды. Бәрі көзбояу. Бектеріне баттыитып опа-далап жағады да, қылымсиды-ау кеп. Әндерінде оттылық, шынайылық жоқ. Граммафонның жансыз үні дерсің. Өмірден мүлдем алшақ жатқан бірдеңе. Тіпу, құсқың келіп, еске алғым келмейді тіпті!» - деп Сердюк қолды бір сілтеп, шынымен -ақ еденге былш еткізе бір түкіріп жіберді.
-Ал қазақтың серілері тоты құстай құлпырып, оттай лаулағанда барсғой, делебең қозып кетіп, бар қайғыны ұмытасың да кетесің. Серіде жасандылық жоқ. Ән айтса, арқасы қозып, жанын жеп, бар ынты-шынтысымен, үйіріп жетеді. Әсері бақсыдан бетер. Серінің әнін тыңдаған кісі, әкесі түгіл өзін де ұмытып, отқа да суға да түсуге бар.
Дауыстары ше? Мына Қожағұл бидің баласы Біржанның шырқағанын естісең бар ғой, есіңнен танар едің. Петербордың опера әншілері ширегіне келер ме екен? Қала әншісінің үні ғимарат ішінде құмығады. Қамаудағы аң дерсің. Тордағы бұлбұлдың әні еркін бола ма? Ад анау жап-жас Біржанның үні мен сахараны шарлап, қырдан қыр асады. Өз құлағыммен естімесем, сенбес те едім (Ғалихан Ахметов. Біржан сал. Роман, Төртінші кітап. 29-30 б.б.)
Кейіпкер жан дүниесіне бойлау, оқиға мотивировкасы (дәйіктеме) дәуір тынысын сезіну кейіпкер метаморфозасына сендіреді. Амалсыз иландырады. Бірақ осы кейіпкердің, атаманның таным-білігіне сәйкеспейтін, бүгінгі күннің ойлау деңгейіндегі танымдар да ұшырасып жатады. Мысалға: «Түк өндіріс жоқ, қала атаулыдан жұрдай, кәсіпсіз ел екен. Орталық билікке бағыну дегенді білмейтін, тағылығы мен тарпаңдығы және бар Американың үндістері сияқты, тек тайпа көсемін біледі. Әр руы жеке бір мемлекет сияқты. Трайбализм, феодализм сатысынан аса алмаған кертартпа ел бұл? Ресейдікіндей темір тәртіп түстеріне де кіріп шығар емес. Бас- басына би болып, барымталасып, дауласып жүргендері. Алға басу, өркендеу дегеннің иісі мұрындарына да кірер емес. Қаруларының сиқы анау. Шыңғыс хан дәуірінен бір мысқал өзгерсейші. Ағаш оқпен, ағаш найзамен зеңбірекке қарсы шаппақ па? Мұздай қаруланған тәртіпті жігерге қарсы сілтеген ағашы, баланың ойыншығы емей немене? Иә, десеңші. Бұл жабайылар Ресейден кемі бір ғасыр артта қалған екен!» деген тұжырымға келеді патшаның кердең мінез жасауылы (Бірінші кітап. 230-231 б.б.)
Бұл романның өзіндік тағы бір ерекшелігі – композициялық құрылымында жатыр. Әдетте біз классикалық сюжетке құрылған көркем шығармалардан қым-қуыт оқиға, буырқанған конфликт, ширыққан драматизм іздеймііз. Бірақ аталмыш шығармадан мұның бірін де таппаймыз. Дәуір сипаттары, кейіпкер болмысы ызы-қуыт сюжетсіз, ширыққан драматизмсіз оқырман санасына шым-шымдап сіңе береді. Жазушы стилі – жай бояу аққан суды еске түсіреді. Кеңістік, кейіпкер портреті, этнографиялық сипаттар, көркемдік әлемнің ішкі интерлері, әртүрлі акссесуарлар ақырын ғана баяндалады. Тіпті дағдылы сюжетке үйренген оқырман жалығып кететін сияқты әсер береді. Бірақ бұның бәрі алдамшы эффект, жалған әсер. Жазушының оқырманға әсер етер кілтінің сыры басқада. Ең басты көркемдік сыр жазушының қазақ әдебиетінде сирек қолданылатын көркемдік әдіс – оқиғаны дағдылы баяндаудан қашып, кейіпкерлер сырын, дәуір сипаттарын ішкі ой ағыны, сана тасқыны (поток сознание) арқылы берілуі. Барлық оқиға, кейіпкерлер болмысы ішкі монолог арқылы дәуірдің тарихи көркем ретроспективасын беруі. Жазушы шеберлігінің кілті де осында жатса керек.
Біз ілгеріде жазушының тарихи танымы, лингвистик алық, этнографиялық білім-білігі ерекше деп едік.
Шығарманың өн бойында біріндері ескіріп қолданыстан шығып қалған, не шығуға жақын қалған көне сөздер, архаизм, историзмге айналып кеткен сөздер мен сөз тіркестерін, киім-кешек, ыдыс-аяқ, тұрмыстық бұйымдар, әлеуметтік-қоғамдық, мәдени мәндегі біздің мәдени, тілдік реализмді қамтитын бірқыдыру сөздерді бүгінгі айналымға автор еркін де батыл, келісті қолдана білген. Мұның өзі аталмыш шығарманың тарихи танымдық, ел танымдық, тіл танымдық қасиеттерін күшейте түскен. Сайып келгенде авторға болашақта, алдағы уақытта үлкен шығармашылық ізденістер мен табыс, сәттілік тілей отырып, оның осы төл туындысын ұлттық руханияттың негізін, қорын байыта түсетін тарихи, көркем компонеттердің бірі деп танығанымыз абзал!
Бөлісу: