Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы жүлде үшін республикалық байқау

Бөлісу:

09.08.2022 3181

Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл

Баспасөзде және әлеуметтік желілерде

эссе жанрындағы шығармаларға

Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы жүлде үшін

республикалық байқау

Байқаудың мақсаты:

- Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шаңырағын көтеру ісіне өзінің өмірін арнаған мемлекет және қоғам қайраткерінің егемен ел дамуына сіңірген еңбегіне әділ баға беру;

- өнегелі өмірін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау;

- әділдік жолында шейіт кеткен сұңғыла саясаткердің мемлекетшіл болмысын, азаматтық-патриоттық тұлғасын кейінгі ұрпаққа үлгі ету;

- көсемсөз жанрында жазатын шығармашыл тұлғаларға қолдау көрсету.

Байқауға ұсынылатын тақырыптар:

Алтынбек Сәрсенбайұлы -

- журналист һәм редактор;

- Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қаласқан демократтық көзқарастағы мемлекет қайраткері, ұлт патриоты;

- дипломат;

- Қазақстанда жаңа қоғам орнату жолындағы саяси күрескер;

- мемлекет болашағын болжай алған сұңғыла саясаткер;

- адамгершілігі жоғары, азаматтық позициясы айқын тұлға.

Байқау талаптары:

- тек эссе жанрында жазылған шағын көсемсөз шығармалар қабылданады;

- жазылған эссе 10 тамыздан 10 қыркүйекке дейін ел аумағында тарайтын газет-журналдарға, бұқаралық ақпарат құралы ретінде тіркелген сайттарға, яки бес мыңнан жоғары жазылушысы бар әлеуметтік желілерде жариялануы керек;

- жарияланған эссенің электрон нұсқасын, сілтемесін ұйымдастыру алқасына жолдау міндетті;

- байқауға бір автордан бір ғана шығарма қабылданады;

- байқауға әдепсіз сөздер араласқан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар қабылданбайды;

- байқауға қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

- байқау жұмыстары MS Word форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 кегльмен, 1,0 аралықта терілуі керек және 2022 жылдың 10 қыркүйегіне дейін yessey0708@gmail.com электрон поштасына жіберу қажет;

- автор туралы мәлімет, байланыс деректері (Т.А.Ә., тұратын мекен-жайы, телефон нөмірі, электрон поштасы, мекен-жайы, фотосурет, автор туралы қысқаша ақпарат) шығармамен қоса жолданады.

Байқау қорытындысы:

Ұйымдастыру алқасы байқау ережесінде көрсетілген талаптарға сай жолданған шығармаларды қарап, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы сыйлық иегерлерін (үш орын) А.Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл толуына орай өтетін халықаралық ғылыми конференцияда жариялайды және ақшалай-заттай сыйлықпен марапаттайды.

Бөлісу:

Көп оқылғандар