Ерте, ерте, ертеде...

Бөлісу:

31.08.2022 3081

Түрік халықтары ертегілерінің астарындағы дүниетаным туралы

 

Текті ата, бағызы жұрт түрік халқының дүние танымында, біз жоғалтып алған, біз ұмыт қалдырған, біз қалпына келтіре алмай алашапқын болып жүрген рухани жәдігерлер қанша ма? Біздің сап алтындай сонау бағзы дәуірден жалғасып келе жатқан құндылықтарымыз, салт-дәстүріміз, тіліміз, дініміз, діліміз ХХ ғасырдың бел ортасынан бастап жат жұрттың шапқыншылығынан орны толмас ойранға ұшырай бастады. Сөйтсе де халық руханиятының сөнбес шырағындай болып келген ауыз әдебиетіміз, әсіресе ертегілер, тарихи жадымыздағы кейбір ұйықтап кеткен түйсік-танымдарымызды оятуға үнемі түрткі болып келеді. Мына дәуірді дамыған электронды, технократты дәуірі десек те, ақылы сау әр халық өзінің өткенін ұлықтап, ұмыт қалғанын жаңғыртып, кейінге қалдыруға тырысыуда. Солардың қатарында өркениетке ұмтылған ұлт ретінде фольклорист ғалым, академик Сейіт Асқарұлының құрастыруымен жарық көрген «Бабалар сөзінің» 100 томдығы қазақ руханияты үшін үлкен бір серпін болғаны шындық. Біздің қозғамақ болған ендігі сөзіміз осы жинақтың ішіндегі ертегілерге байланысты болмақ. 

Ертегілер деп халық арасында кең тараған ауыз әдебиетіміздің  сұрыпталып, сараланып бүгінге жеткен нұсқаларын айтып жүрміз. Бәріде шығармашыл ата-бабаларымыздың жанынан шығарып болмаса қосып кейінге қалдырған асыл мұрасы. Сол ертегілер бүгінгі күні өзіміз күнде көріп жүрген кинолардың со замандағы ауызша нұсқасы тәрізді. Ертеде өткен адамдар өмірінің айырылмас бір бөлшегіне айналған ертегілер ішіндегі қам-харекеттер мен тұрмыс тіршіліктерінен ата-бамыздың дүниетанымы мен өміріге деген көзқарасытарының исі аңқып тұрады. Ертегіші кісілерді біздер бертінгі күнге дейін көрдік. Қазақылқтың, қазақы дүние танымның қаймағы бұзылмаған Шығыс Түркістан қазақтары арсында өткен балалық шағымызда, жарық өшіп телевизор істен шыққан күндері ертекші, әңгімеші кісілірдің ертегісін тыңдау, тыңдап жатып ұйықтау әдет болатын. Сол балшақта сан мәрте естіген ертегілерімізді жиырма жыл өтекенде жілгін шақпасақта, жікке бөліп, талай естіген «Ертөстік» бейнесінің, Ертөстік сияқты қаншама батыр кейіпкерлер бейнесінің не үшін маңызды болғанын шамамызша қарастыра бастадық. 

Жалпы ертегілер академик Сейіт Қасқабасов  салалағандай бес топқа бөліп қарастырылады. Олар: хайуанаттар жайлы ертегі; қиял-ғажайып туралы ертегі; батырлар туралы ертегі; сатиралық ертегі; новеллалық ертегі деп. Жинақтап айтылған осы ертегінің бес бұтағының өзіндік бес түрлі функциясы бар. Хайуанаттар жайлы ертегі көбінде адамдар мінез-құлқының теріс және оң жақтарын, қулық-сұмдықты, т.с.с адам бойындағы кемшілікті шенеу болып келсе; батырлық ертегілерде көбінде ерлікке, ержүректілікке толы болды. Ондағы кейіпкерлер ылғиы жапанда жалғыз жортқан батырлар, ел қорғаны болып келеді; сатиралық ертегілер айтпасақта түсінікті, ажуаға, астарға, күлкілі мінезге толы болады; новеллалық ертегілер шынайы өмірге жақынырақ отбасы кикілжіңі, хан мен қараның тартысы сияқты әлеуметтік қайшылықтарды қамтып жатады. 

Ал біз айытпақ болған, көтермек болған кейіпкерлеріміз негізінен қиял-ғажайып ертегілерінің қаһармандары еді. Ұлан-ғайыр Азияны ен жайлап, Еуропаға дейін жеткен түріктер дүние танымының шет-шегі жоқ еді. Жалпақ даланы, сайын сахараны ат тұяғымен таптап өткен бабалар шежіресі, бабалар мұрасы әр алуандығымен, бай мазмұнымен рухымызды жанып, жанымызды сусындатады. Жалпы ертегілерден бабалар замнасының ізін көріп, сол заманды долбарлап болса да болжауға болатындығы еді. Өткендегі мақаламызда жазғанымыздай ертегілердегі «кенже ұл» образының нағыз өміршең бейнесінің тұрпатындай. Яғни түріктер үшін кенже ұл мен қара шаңырақ ұғымының етене байланысып кеткені сонша, «қара шаңырақ» десе «кенже ұл», «кенже ұл» десе «қара шаңырақ» еске түсе кетеді. Болмаса «отшыген» десе «от», «от» десе «отшыген» көз алда тұрып алады. Түркіктік дүниетанымды айытпағанда қазақтық қалыбымыздың өзінен жаңылып қалған мына заманда, қазақтың жаңғыртуға тисті қаншама құндылықтары іздеусіз қалып бара жатыр. Бізде ерекше кенжелеп жатқан ертегілік бейнедегі алып қаһармандарды заманға сай түрлендіріп, жаңа технологиямен жаңа заман балапандарына, міне мынау сенікі деп көздеріне көрсетіп, қолдарына ұстата алмай жатқанымыз да бір өкініш. Дап-дайын тұрған көркем дүниені, көркемдеп тұрып көркін аша алмағанымызды өзімізден көрмесек, басқа кімді кіналамақпыз. Қилы-қилы заманнан, неше түрлі шежіре шертетін, неше мың жылдық ата-бабамыздың асыл қазынасын бұл күнгі ұрпақтың әрқайсысына қанша үлестірсең де асып төгілер байлық, мол рухани қазына емес пе еді.

Ертегі ең бірінші сұрыпталған көркем дүние. Оның рухани нәріне көз жұма алмаймыз. Бұрынғы жазбаларымызда ғылыми пайым мен өз түйсігімізге сүйене оырып кенже бала пайымының қыр-сырын, артық-кем тұстарын ашуға талпыныс жасадық. Әсіресе осы бөлімде қозғағалы отырған ертегілердегі салмағын ол ешқашан жоғалтпасы анық. Жалпы, фольклорда көркемдік сатының жоғары деңгейіне көтерілген ертегілер, ол бірінші кезекте адамзат ақыл-ой парасатының жемісі; екіншіден уақыт иірімдерінің ерекше саралауынан өткен туынды. Сан ғасыр біз қаладық, қаламадық ертегілер өзін жаратқан қауыммен тығыз байланыста өмір сүріп келе жатыр. Біздердің көкіргімізге бала кезде қиялдың сәулсін себе бастағанда-ақ, алғаш рет – жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, айдаһар сынды қорқынышты жағымсыз кейіпкерлермен қатар жанымызға жақын батырлар мен ерлік жасайтын қаһарман кейіпкерлер де санамыздан өз орнын таба бастағаны белгілі. Сол кезде бала қиялымыздың байрағына айналған ерекше кейіпкерлер болды. Сол ерекше әсер еткен батырларымыздың бірталайы осы біздің «Ертөстік» сынды кенже батырларымыз болып шықты. Ол кезде оның не қылған кенже батыр екенінде шаруамыз қанша, кенжелігінен бұрын ерекше құралған сюжеттер желісінің қызығы бізіді баурайтын. Және сол етегілердің дені түрік тектес бауырлас халыққа ортақ екенін кейін біле бастадық.

Осы жерден барлық түркілерге ортақ болған ертегідегі кенже батырлар бейнесі қай деңгейде екенін сараптай кетсек. Сейіт Қасқабасов ол туралы былай дейді:«Қиял-ғажайып ертегілері – ең  көне жанрдың  бірі.  Мұнда матриархат заманында пайда болған ұғымдар мен нанымдар көркем функция атқарады,  сондай-ақ, әр  дәуір  болмысының элементтері  көрініс  табады. Ертегінің  бұл түрі,  жалпы  бүкіл көркем  фольклорға  ықпал етіп,  олардың қалыптасуына  араласқан. Мұндағы  кейіпкерлер айқын  үш  топ құрайды: басты  қаһармандар,  олардың көмекшілері  және  қарсыластары. Басты қаһарман  –  көп жағдайда  кенже  бала (жалғыз  бала), сондай-ақ  әлеуметтік статусы төмен адамдар (тазша, жаман, қойшы) болып келеді». Осылайша фольклордағы ең көне жанралрдың ішіндегі ең негізгі қаһарман кенже балаға байланысты жоғарда айтып кеткен, бұл күндері шаңырақ иесі ұғымын ұмытқан туысқан ұлттарда да көптеп кездесіп жатады. Кенже ұл десе көз алдымызға қасиетті қара шаңырақ пен үйдегі ұлдардың ең кішісі елестейді. Бұл тақырып бізге несімен маңызды, не үшін бұл тақырыпты көтеріп жатырмыз деген сұрақтарға жауаптар іздестіре бастадық. Авторлы шығармалардағы кенже бала бейнесіне тоқталмас бұрын, бұл ұғымның санамызда неліктен сайрап тұратынын өзімізше батыл болжап, ғылыми жорамал жасап көрсек деген ойдамыз. Біздің дүние танымымызға бекіп қалған кіші ұл қалайда үй иесі, шаңыраққа мұрагер деген түсінік қай заманнан қалыптасқанын ашып айту қиын. Есесіне ертегілерді парақтап қарап отырсақ, ағайынды кейіпкерлер өріп жүрген ертегілерде бұл танымға біраз дәйек табатын сияқтымыз. Әсіресе, Кедейдің үш баласы, Байдың үш баласы, Шалдың үш ұлы,  Ханның қырық ұлы, Ертөстік, Асан батыр т.с.с. Ал бір қызығы, осы аталған ертегілердің сюжеті басқа-басқа өрілгенімен, түбінде кіші ұл не ақылды, не қайратты, не батыр болып шығады да, қалған ағаларынан мерейі үстем болып, үнемі асығы алшы түсіп отырады. Не үшін? Міне, бізді қызықтырып, өзіне тарта түсетіні де осы жағдай. Енді әр халықтың ертегілерінен кездесетін кенжелерді жинақтап, салыстырмалы түрде бағамдап көрсек.

Кенже батыр – өзбек халық ертегілеріндегі жағымды кейіпкер. Кенже батыр образы ақылды, епті, ержүрек  бейнеде сомдалады.  Ол ел тыныштығы және бейбітшілігі жолында кез келген қиындықтарды жеңуге дайын. Зұлымдық, зорлық, теңсіздік, әділетсіздікке қарсы ақиқатты ту етіп көтереді. Кенже батыр «Үш  ағайынды батырлар», «Кенже батыр», «Ер кенже» және т.б. ертегілерде басты кейіпкер ретінде бейнеленеді. Осы жерден «Кенже бала» ертегісін мысалға келтіре кетсек. Ертегінің қысқаша мазмұны былай дейді. Ертеде бір кәрі шал үш ұлымен бақытты өмір сүріпті. Күндердің күнінде атасы ауруға шалдығып қалады. Ауруы күннен-күнге асқынып, тіпті  төсек тартып қалады. Сонда кіші ұлы ағаларынан әкесін өз үйіне алып кетіп, ауруын емдеуге рұқсат сұрайды. Үлкен ұлдары әкесінің мол байлығын қимайды. Барлық байлыққа кенже ұлдың иеленетіндігін ойлап, рұқсатын бермейді. Мұндай ниетінің жоқтығын, бар мақсаты әкесінің дертінен жазылуын қалайтынын айтқан кіші ұлға ағалары соңында өз келісімдерін береді. Кенже ұл әкесін үйіне алып келеді. Ерлі-зайыптылар науқас әкені өмірден озғанға дейін мейіріммен бағып қағады. Бір күні кіші ұл әкесін түсінде көреді. Әкесі оған алыстағы бір жерде қазына жасырулы тұрғандығынан хабар етіп аян береді. Таңертен тұрып айтқан жерге барғанда, гауһар тастармен толтырылған сандықты тауып алады. Осы оқиғаларды ағаларына айтып барады. Сонда ағалары оған: «Кезінде Әкеміздің мұрасынан бас тартқан соң. Бұл байлықта сенің үлесің жоқ»,-дейді. Одан кейінгі түнде кенже ұл тағы да түс көріп, байлықтарды тауып, ағаларына алып барады. Ағалары інісінің байлығын тартып алып, кешегі айтқан сөздерді қайталайды. Келесі күні әкесін тағы да түсінде көрген кенже ұл ертемен тұрып, бақтағы бір жерден көзеге салынған бір динарды алып, ағаларына барады. «Бір динар ма? Егер қаласаң, оны сен ала ғой»- деп ағалары оған күледі. Үйге қайтып бара жатқан кіші ұл бір динарға жолдан екі балық сатып алады. Балықтарды тазалап жатқан әйелі бағалы тастар тауып алады. Адамдар бұл тастар туралы айтып жүргенде, сол елдің патшасы хабардар болып, гауһар тастарды алып келуге бұйрық береді. Кенже ұл бағалы тастардың орнына патша тағайындаған көп байлыққа ие болады. Ол әкесімен болған жақсы қарым-қатынасы және ағаларына жасаған құрметінің арқасында осы тастарға ие болған еді. Бұл бірінші кенже батырдың жеңісі десекте болады. 

Келесі мысалға татр ертегісі «Қыршаңқы тай» ертегісінде, өмірі егін екпеген әкесі үш ұлы ержеткен соң, егін салуды ойлап, балаларына сұлы сатып әкелуді бұйырады. Не керек, сұлы әкелінеді, жерге уақытында себіледі. Бірақ еккен егіндері үсті-үстіне қайта екседе шықпай қалады. Шыдамаған әкесі балаларына – ол жерде бір бәле бар шығар, балларым, соны түнде күзетсеңдер қайтеді? – дейді. Осы жерде де классикалық көп ертегілер сияқты алдыңғы кезекті үлкен ағалары алып, күзетке барсада міндеттерін атқара алмай келеді. Бұл ертегіде орыс ертегілерінің элементтері ауысқандай. Яғни, кенже баланың басы таз,  отбасында қораш болуы. Осылайша амал жоқ кенже баласын әкесі жібереді. Әрине бұл жерде біздің кенже батырымыздың бағы үстем. Осы жерден ертегідегі өзінің ерекшелігін айқындай түседі. Егіндеріне қас қылып жүреген сиқыры бар әйелді ұстап алып, егіні мен қоса одан қиналғанда көмкектесуге уәде алып қалады. Бұндай сюжеттер ертегілерде көптеп кездеседі. Кейде түлкі, кейде самұрық, кейде қасқыр, кейде құмырсқа т.б осы сияқты ғайыптан қаһарманға көмектесетін тылсым бейнелер тұрақты мотив болып келеді. Осылай оның ертегі бойындағы миссиясын мінсіз атқарып шығуына алғы шарт дайындалады. Біздің кенже енді қандай қиын міндет болсада бәрін жеңуге дайын. Осылай ол отбасын риза етседе, өзіне туғандарының көңіл бөлмегеніне қатты назаланып қорланады. Әйел уәде ретінде тастап кеткен шашын күйдіргенде, сол сәтте-ақ оның қасына ерттеулі тай жетіп келіп, өзіне мінуін өтінеді. Осы жерден ертегінің негізгі ауаны кенже бала басына ауысып, енді жаңағы зор болып жүрген ағалары ұмыт бола бастайды. Әлгі келген тайы жай тай емес, ұшатын тай болып, баланы үш күн, үш түн алып үшып бір шаһарға бірақ әкеледі. Үйреншікті сюжет шаһарға кірмей тұрып бір кемпір мен шалға кездеседі, болмаса бала болады. Көптеген ертегілерде кездеспетін жаттанды сюжет болсада, осы шаһарға кірмей тұрып кездесетін шал мен кемпірдің көбінде пайдасы тиеді. Бұл жердегі шал-кемпірдің астарында, нақты өмірдегі үлкен кісі отырған үйге кіріп сәлем берудің дәстүрі меңзеледі. Кемпірге келген кенжеміз әй-шай жоқ бірден патшаны сұрайды да, кемпірден өзіне хан ордасынан қызмет туып беруді сұрайды. Барлық бәле осы жерден басталады. Ханға қалай бақташы болып кіреді, солай қиындық пен қысымға ұшырай бастайды. Ойламы аз, іші тар ханның біресе алтын қанатты құсты алдыртуы, біресе әйел әкеліп бер деген тапсырмаларын тайдың арқасында мінсіз атқарып отырады. Енді біздің кенже баламызға өзі алып келген ханның әйелі дұшпандық ете бастайды. Ханды азғырып ол жігіттен құтылуды айтады. Енді тазша кенжеге хан мен ханымы зұлымдық істей бастайды. Оған қыз өзінің әкесінде сексен жылқысы бар екенін, оның қырығы айғыр, қырығы бие екнін, айғырлардың асау болғаны соншық маңына адам баласын жолатпайтынын айтады. Сол қырық айғырдан, қырық биені айырып әкелуді тапсырады. Қиналған кенже жаңағы тайына барды, тайы оған өздеріне керектіні ханнан талап етеді. Тайының көмегімен кенже бала қырық айғырды өлтіріп, қырық биені ханға алып келеді. Бұдан аман келгеннін көрген ханның әйелі қалайда оның көзін жоғалтуды ойлайды да, ханға сексен шелек су сиятындай қазан дайындатқызады. Қазанға қырық шелек сүт, қырық шелек су құйдырып қайнатқызып, су қайнағанда жүзігін ішіне тастап жібереді де соны алып шығуын тапсырады. Жігіт әр жолы сапарға болмаса тапсырма орындар алдында тайдың ақылымен ханға талап қойып отырады, жігіт бұл жолы жеңіп шығар болсам хандығыңның жартысын бересің де талап қояды. Хан келіседі. Кездескен қиындықтырының бәрін жеңуге көмектесіп келе жатқан тай, тағыда кенже баланың жеңісімен тамамдап, ханды өзі дайындаған қазанына өзін күйдіріп өлтіріп мұратына жетеді. Жалпы ертегі құрлымы ондай бір керемет шымыр емес, көркемдігі де классикалық деңгейде емес, бірақ қалай болсада тәлейлі кенже ағалары кездеспеген бақ пен байлыққа өзінің адалдығы арқасанда жетіп, шағын ертегі болсада асығы алшысынан түсіп жатыр.

Осылай татар халқының ертегілері кете береді. Ағайынды бай мен кедей жігіттің арасындағы уақиғаны баяндайтын  «Қайғы», «Зәкир мен Шәкир» сынды екі ертегі де үлкен ағалары сараңдығымен қоса өте қатігез болады.  Екі кеже де өздерінің сүреңсіз өмірлеріне налып, әбден қажығанда ағаларына барады бірақ тек қана өздерінің қамдарын ойлап, бірге туған інілерінің жағдайымен санасып та қоймағаны, бауырларын қатты ашындырады. Ақырында өздерінің амал-айлалары арқылы ағаларын жеңіп, олардан асады. Бұл ертегілер кейінгі кезде шыққан ертегілер екені көрініп тұрады. Мәтінде қолданылған сөздерден татар халқының тұрмыс-тіршілігі көптен көрніс тапқан. Мысалға күйеуі аулаға кіріп келе жатқанда келгенін білдіріп дауыстады деген сияқты және молда-мәзін, қайтадан некесін қиып деген ислам дініне байланысты детальдыр көптеп кездесіп жатады. Бұлда болса татар халқының ислам дінін жақсы ұстанғанын көрсетіп тұрады.

Келесі ертегіні татар халқының классикалық үлгідегі ертегісі деп атауға болатын «Ақ бөрі» ертегісі туралы баяндаймыз. Бұл ертегідегі кенже бала біздің Ертөстік сияқты қаһарман. Ертегі мазмұнын қысқаша айтар болсақ, уақиға сейілде жүрген патшаның ай мен күндей ажарлы әйелін диюдың ғашық болып, тартып алып кетуімен басталады. Қапияда жарынан айрылып, қан жұтып қапыда қалған патшаның төрт ұлы бар еді, төтеуі алыс шаһарда оқуда болады да, әр жылы оқудан келген балалары әкелерінен рұхсат алып аналарын іздеуге аттанады. Қастарына жүз кісіден жолдас ерткен ағаларына жолда орманның иесі Ақ бөрі кездесіп, олардың дөрекі пиғылдрына орай тасқа айналдырып отырады. Ең соңында кенжесі жанына ешкімді ертпестен, әкесінен бата алып ағаларының соңынан анасын іздеуге шығады. Көп жол жүріп, ақыры олда орманға келеді. Ағаларындай емес, орманға рұхсатсыз кіргеніне Ақ бөріден кешірім сұрап кішіпейілдік көрсетеді. Кенжге риза болған Ақ бөрі енді кенжеге көмектесіп, тасқа айналған ағаларын қалпына келтіріп береді әрі анасын табу үшін қасына тете ағасын ғана қалдыртып, басқалады үйіне қайтаруға ақыл-кеңес береді. Осылайша кенже ерлікке толы сапардың алғы шартын дайындап алып жолға аттанады. Осы тәрізді бөрі көмектесетін ертегілер қазақ, өзбек, қырғыз ертегілерінде жиі кездеседі. Әр ертегіде әр түрлі функциямен сиқырлық күшке ие бөрілер көмектесіп отырады. Сол тәріздес бұл ертегіде Ақ бөрі кенжеге жоғардағы тай сияқты бастан ақыр көмектеспейді тек бағыт бағдар көрсетіп ақыл-кеңес береді.

- Ал енді, досытым, сен ұзақ жолға кетіп бара жатқан адамсың, мен білгенімше жөн сілтейін, мүмкін көмегі болып қалар. Мынау менің орманым. Оның өзі үш күн, үш түндік жол. Онан шыққысын үш күн, үш түн дегенде дию патшаның жеріне жетесің. Онан үш күн, үш түн жүрген соң, бір алпыс құлаш алтын терекке жетесің. Сол алтын теректің түбінде бір кішікентай ғана көл бар. Сол көлдің қасынан бір жертөле қазып, ағаңды сонда қалдырып кет. Теректің бір жағынан өзің шұңқыр қазып, өз-өзіңді көм, тек екі көзің ғана қалсын. Бір неше сағат өткенде сол көлден бір үйір жылқы су ішер. Олар кеткен сөң, бірер сағаттагн кейін жерді зырқылдатып, көкті күркіретіп, жел-дауы, құйын ойнатып, алпыс шақырымнан аяқ даусы естіліп, алпыс құлаш ала айғыр келіп, алпыс құлаш алтын терекке бір жақ  жалын сүйкер. Шаршаған кезде жаңағы көлдің суын тауысқанша ішіп, терекке келіп екінші жағын сүйкей бастар. Көлдің суы таусылған соң түбінде қалған балықтарды ағаң жертөлесіне жиып алсын, соны ол азық етер. Айғырдың сүйкенуіне төтеп бере алмай терек шатырлап сына бастар, сол кезде сен шүқырдан шыға дереу айғырға мініп алуға тырыс. Егер үстіне міне алмасаң, жалына жармаса алмасаң, құйрығына жармас, әйтеу сол айғырдан қалмасқа тырыс. Іліне алсаң, мүмкін, анаңа жетерсің. Сосын тағы айтарым: айғыр отқа кірсе, отқа кір, суға кірсе, суға кір, тек қолыңды қояберуші болма. Қоя берсең, қор боласың, құрисың. Егер сол бейнеттің бәріне төзсең, анаңды табасың, төзбесең, анаңа жете алмай жолда қаласың,- дейіді. Осылай кенжеге алдағы болатын қиыныдқтың бәрін алдын-ала ескертіп, жөн сілтеп жолға салады. 

Не керек, Ақ бөрінің айтқанының бәрі тура келіп, кенже батыр алпыс құлаш ала айғырдың жалына жармасып отырып, отқа да, суға да кіріп, айғыр арқылы жететін жеріне жетіп алады. Жаңағы айғыр жолыққан от пен су, тау мен тас диюлардың адам баласының аяғы жетпес үшін құрған бөгеттер болып шығады. Осыдан жүріп отырып құмды тауға келегнде алыпс құлаш ала айғыр өзінің міндетінен құтылғанын, бұдан арыға өзіне рұқсат жоқ екенін айтып кейін қайтады. Құмды тауға келіп қиналып тұрған балаға Ақ бөрі алып құс болып келеді де Қап тауына дейін жеткізіп татсайды. Осылайша диюлар мекеніне жеткен кенже батыр алғашында мыс сарайға кез болады. Ол мыс сарайдың терезесінен қараса қырық бір күң адам етін жуып тазалап жатқанын көреді де, зәресі қалмайды. Тәуекелдеп сарайдың есігіне барып сәлем бергенде, бір сұлу қыз шығып сәлем алады. Ол ханымнан рұқсат алып ішке кірсе, ханым адам баласы болып шығады. Балаға тамақ беріп, баланың мән жайын білгесін, бұл диюдың сарайы, ол тоғыз айлық сапарға кеткенін, одан бұрын анаңды тапсаң келмей кетесің деп есік ашқан қызды балаға некелеп береді де қызды алып қалады. Кенже батыр келесіде күміс сарайға кездесіп, ол сарайдан бір қызыбен некелесіп, әлгіндей уәдемен оныда сонда қалдырып кетуге мәжбұр болады. Үшінші рет кездескен алтын сарайдан ақыры өз анасын тауып, жолға шығайық десе анасы асықпауын, диюдың он екі айлық сапарға кеткенін әрі баласының буыны қатпағанын айтып, баласына диюдың алма бағынан күш беретін алма жегізіп, көлінен су ішкізеді. Бала дайын болғасын анасы, сол сарайдан алған келіншегін және қырық бір күңді қосып, диюдың ұшатын кемесімен ұша жөнеледі. Анасы кетерінде бір дұға оқып диюдың алтын сарайын алтын жұмыртқа айналдырып, жанына салып алады. 

Ендігі кезекте, алдында береген уәдесі бойынша күміс сарайдағы келіншегін және ханымды, күміс жұмыртқа айналғнан күміс сарайды алып келесі мыс сарайға келсе онда жағдай басқаша болып, сапарға кеткен диюдың келіп қойғаны мәлім болады.Онымен кенже батыр айқасып диюды жеңіп, мыс сарайды және ондағы адамдарды өздерімен бірге ала кетеді. Бірақ бұл жерде улап-шулаған көп әйел кенже баланың аңға кетекен жерінен ұмытып кетеді. Дәл осы сюжет ертегіге зорлықепен кірістіргендей әсер береді. Себебі, кенже балаға қосымша құдірет үстеу үшін әдейі солай өрбіткен сыңайлы. Қалай болсада, қайда қалсада жолы ашық, мерейі үстем кенже бұл жерден де пайда табады. Яғни диюдың тағы бір сарайынан бір шыбық тауып алады да, оны сілкігенде қол қусырып бір құбыжық пайда бола кетеді, жігіт талабын айтады. Оған риза болмаған жігіт қайта сілкиді, тағы біреу шыға келеді, онған риза болмай үшінші рет сілкігенде ғана көңіліндегі талабын айтып, ұзап кеткен аналарына жетіп алады. Енді жігіт жарын сынау мақсатында тікелей оларға бармай, шаһар маңындағы бір шалды жібереді. Бұл жердегі негізгі мақсат жар адалдығын сынау негізінде қосылған дүние екені көрініп тұрады. Жігіт үш әйелінің қайсысын сынады, ол жағы ашып айтылмайды. Соңында мыс және күміс сарайдағы ханымдарда бір-бір шаһардың хандарының әйелдері болып шығады да, жолай бәрін тасатап отырады. Ал жігіт және анасы, әйелдері өз шаһарларна жақындағанда ансынаң айтуымен шаһардың қасына алтын сарайларын қалпына келтіріп жатып қалады. Бұл ертегіде кенженің анасы да жай адам болмай шығады, диюлармен бірге тұрып өнерлерін үйрегендей, бейне жындарды әміріне алған Сүлеймен пайғамбардай, жүзігін алып үрлеп, қисапсыз қалың құбыжық шығарады да, оларға таң атқанша екі сарай арасына алтыннан көпір, астынан су ағып, өзен екі жағы піскен жемеістерге толып тұрсын деп бүйрық береді. Таң ата жалпы жүрт таң тамаша болады, хан ақыры өз әйелімен қайтадан неке қиысып қауышады. 

Міне қараңыз, алғаш кездескенде-ақ Ақ бөрі кенжеге, бұл сапарға ағаларының шыдамайтынын айтып кенжені ағаларынан ерекшелей, оның жаратылыс қасиетінің туа басқаша екенін сездіртеді. Яғни ертегі сюжетінің енді басталар тұсында, алғашқы қадамдарынан-ақ сүрінетін, тіпті ағаларының тас болып қатып қалуына себепші болған Ақ бөрімен кенже баланың ілтипатты диалогы, бірден оқыған адамды кенженің жағына шығарады. Бұл ертегідегі кенже, алдындыңғы «Қыршаңқы тай», «Қайғы» сынды ертегілердегі кенжелерге қарағанда нағыз қаһармандық деңгейге көтерілген. «Қыршаңқы тайдағы» кенже тек тайдың арқасында жеңіске жетіп отырады әрі онда өзі тіленіп ерлік қадамдарға бара бермейді. Тіпті кейде қорқақтау ма деп қаласың. Ал «Ақ бөрі» ертегісіндегі кенже өзі қалап батыл қадамдарға баруға дайын. Мысалға анасын тауып келуге әкесінен рұқсат алып жолға шығуы; өлсем өлейін деп, алғаш кездескен диюдың мыс сарайына кіруі; анасының қарсылығына қарамастан күшін сынамақ болып тоғыз басты диюмен шайқасқа түсіуі бәрі-бәрі біздің кенжеміздің бір беткейлігінің, қандай қиындық болсада жеңе алатын қайсарлығының оған қоса уәдеге беріктігінің, кішпейлділік, мейірімділік бәрі қосылып кенже образын өсіре түседі. Өзіне тарта түседі. Ғасырлар бойы қаншама ұрапқатың көкейіне шежіре болып жатталып келген кенже балалар осылай татар халқыныңда маңызын жоймай фольклорында көрінс табады. Тағы бір қосымша айта етер блолсақ. Татар ертегілерінде «Мың бір түннің» және ислам қиссапларының қалай да әсері болғаны сөзсіз. Себебі оларда негеізі исылам қазақ, қырғаздарға қарағанда ертерек әрі кеңінен таралған. Сол себептен де олардың ертегілерінен көне тріктік сипаттан көрі исламның иісі шығып тұрады.

Түркілерде кең аумақты алып жатқан, орман-тоғайлы, таулы өңірді мекен еткен, байырғы көшпенділер мәдениетінің сарқыншағы болған халық – сібір халқы. Ең ежелгі түрік ошағының рухани сарындарының бір талайын күні-бүгінге дейін жеткізген сібір жұрты екені анық. Олардың еретгілерінде де кенже бала ұғымы, ұрпақ пайымын қаузайтын ертегілер жиі ұшырасады. Қазақтар арасында «Жеті өнерпаз» деп аталатын ертегі якуттарда «Ағайынды жеті жігіт» деген атпен кең тараған. Бір қызығы бұл ертегіде бірінші, екінші және кенже ұлдарда ғана есім бар, бар болғанда ол есім түрікше емес орысша: ең үленін Василий деп атап, екіншісін – Николай, ал ең кішісін Иван деп атайды. Фольклордың халықтық шығарма екенін, қоғамдық құбылыстарға сай өзгеріп, уақытқа бейімделіп отыратынын ескерсек бұл ауыр да болса, түсінікті жайт екені белгілі. Осы жеті жігіт қалқиған бір шалдың баласы болады. Бір күні әкелері қартайғанын айтып, өз күндеріңді өздерің көре алатын болдыңдар дейді де, бір ноянның қызы жоғалды, соны тауып берсеңдер ноян сендерге мол тарту жасайды дейді. Әкелерінің айтуы бойынша жетеуі ноянға келіп, қызын тауып беретіндерін айтады. Ноян оларыдан қандай өнерлерің бар деп сұрағанда, біреуі қияндағыны көретін өткір көзін, біреуі ептілігін, біреуі мергендігін, енді біреуі қаққышпын деп әр қайсысы өздерінің әр түрлі өнерлері айтып шығады. Ноян осы айтқандарың шын болып, қызымды құтқарсаңдар, іштеріңдегі ең тәуір біреуіңе қызымды беремін дейді. Қазақтар арасындағы «Жеті өнерпаз» және қырғыздарда сақталған нұсқадан салыстырғанда жалпы сюжет барысы бірдей болып келгенімен, жеті өнерпаздың өзара айырмашылықтары бар. Жалпы қай нұсқасы болса да, жеті жігіт бірін-бірі толықтырып отырады, жетеуінің де өз артықшылығы бар. Осылай жетеуінің де көмегі тиетін, жетеуінің де ерліктері тең болатын ертегінің шешімі де қиынға соғады. Қазақ және якут нұсқасында ең соңында қызды ең кенжесі алса, қырғыздарда қалаған біреуіне береді. Салыстырып отырған үш ертегінің арасында қазақ нұсқасының тілі тартымды әрі сюжеті шымыр. Соңғы шешеімінде якут нұсқасында қызды кенжесіне зорлап таңғандай қоса салса, қазақ нұсқасында қызды өнерпаздардың біреуіне қосу үшін ақсақалдарды жиып, ақылдасып, соңында, қызға құшағы алдымен тиген кенжесі алсын деп ұтқырлық тауып, ертегі соңын кісі иландырарлық шешіммен аяқтаған.

Ал, «Шындық пен өтірік» ертегісінің сюжетін қысқаша тоқталсақ. Ертегі басталған кезінен-ақ тым ертеден келе жатқан ертегі екенін аңғарамыз. Аңшылықпен нәпәқасын тауып жүрген үш жігіт, бірде орманда аңшылық құрып жүріп адасады. Адасып неше күндей жол таба алмай ақыры дымдары құрып,  демалып от жақпақшы болғанда, шақпақтары жоқ болып шығады. Осы кезде сайдың екінші жағынан оттың жарығы көрінеді. Тағыда әдеттегідей үлкен ұл от алып келуге аттаныды. Барса оттың басында қаусаған бір қария отырады. Жігіт от сұрайды, бірақ шал бір жағынан шындық, екінші жағынан алғанда ойдан құралған әңгіме айтсаң от беремін деп талап қояды. Қапелімде жігіт ойына ештеме түсіре алмай, түсіргісі де келмей, қаусаған шал маған не қылсын деп, бір шаланы ал қашады. Бірақ шал жігітті екі аттатпай қуып жетіп, шаласын тартып алады да, аса таяғымен салып-салып қуып жбереді. Осылай екіншісі де кетеді. Ол да масқара болып қайтып келеді. Екі ағасына кейіген інісі қария қойған талапты орындау үшін тазша бала сияқты өтірік пен шындықты арластырып, шал риза боларлық әңгіме құрап айтады. Риза болған қария балаға көп алғысын жаудыртып, отты өзі апарып береді. Мұхтар Мағауин сөзімен айтқанда отбасындағы кенже ұлдың өзгеше талайы бұл жерде тағыда артық шығады. Нұх (ғ.с) бата алған Яфестай, өзінің тапқырлығы арқасында айдаладағы ақсақал кісіден бата алып, өмірін нұрландырса, екінші жағынан қалыптасқан үрдіс бойынша, ағаларының да жағдайын жасап береді. Якут ертегілерінің негізігі детальдары да қызық. Орта Азия, Батыс Азия, Қырым түріктерінен олардың өзгерек жерлері көбірек. Мысалға қазақ ертегілерінде көшпенді тұрмыс, жылқы, түйе сынды төрт түлік жүрсе, якуттар да мұз құрсанған жер, бұғы, аю деген сияқты өздерінің шаруашылықтарына қатысты аң-құстар кездеседі. Олардың еретегілерінен татар, өзбек, қырғаз, қазақ т.б ертегілері сияқты исламның исі де шықпайды. Ассимиляцияға көбірек ұшырағаны көрініп тұрады. Жоғарыда айтқанымыздай адам есімдері орыстанғанымен қоймай тіпті ақ патшада ертегілерінде жүреді. Сөйтсе де, түбі бір болғасын, кенже балаға оларда ертегілерінен емін-еркін орын берген. Олардың ертегісіндегі кенжелері де батыл да батыр әрі тапқыр болып келеді. Іргеміз ажырап, қонсымыз алыстаса да Азияның шығысында жатқан осынау жұрттың түп-тектік танымды ұмытпағаны осы ертегілерден байқалады. Түркілердің қай ұлысы болсын, кенже бала кездесетін ертегілер де, кенженің  орнын ылғи да үлкен ағаларынан ерекшелеп отыратын ережесін бұлжытпай сақтағанына тағы бір куә боламыз. Қалай айтсақ та, кенже бала тақырыбын ең көп көтерген жанр осы ертегі жаныры. Кенже ұлыдың ең көп кездесетіні де осы ертегілер. Кенже ұлдың жалпы фольклордағы орнын, оның өзіндік маңызды сатыға көтерілуіне ертегілердің атқарған қызметі өлшеусіз. Басқа мотивтермен бірге кенже балалық мотивтер арқылы ертегі өзінің алтын қорын молайтты. Кенже ұл да басқа балалармен қатар бола алатынын, кейде тіпіті олардан артық болып жататын, екі ертегінің біреуінде кездесу арқылы дәлеледеп келеді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар