Республикалық балалар оқулары байқауы өтеді
Бөлісу:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру мақсатында Республикалық балалар оқулары байқауын ұйымдастырады.
Байқауды өткізу тілі: қазақ тілі.
- Байқаудың І кезеңі (аудандық/қалалық) 30 қыркүйекке дейін өңірлердегі аудан және қалаларда ұйымдастырылады.
- Байқаудың ІІ кезеңі (облыстық) 25 қазанға дейін кемінде 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қалаларда өткізіледі.
- Байқаудың IІІ кезеңі (республикалық) 15 қарашаға дейін өтеді. Нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері анықталып, дәрежелі диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға Қазақстанның барлық орта білім беретін мектептерінің
8-10 сынып оқушылары қатыса алады. Оқушылар 2023 жылғы маусым-қыркүйек айларында, жас ерекшелігі мен оқу бағдарламасына сәйкес «Әдебиет порталы» интернет-жобасында жарияланған, қазақстандық және шетелдік кітаптардың сілтемелері арқылы әдеби кітаптарды оқиды.8 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар (Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» тарихи туындысының І кітабы және Джек Лондонның «Теңіз қорқауы» романы);
9 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар (Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы және Роберт Льюис Стивенсонның «Қазына аралы» романы);
10 сынып – «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар (Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер 2. Жанталас» романы және Фенимор Купердің «Могиканның соңғы тұяғы» романы).
Қосымша сұрақтар бойынша +7 (7172) 79 64 26 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Бөлісу: