Сайын Мұратбеков әлемі

Бөлісу:

22.06.2023 1970

Сайын Мұратбеков қазақ прозасының хас шебері. Оның әңгімелері өмірдің өзіндей шынайы, қарапайым һәм күрделілігімен оқырманын баурап алады. Сайын Мұратбеков туралы: «...Шағын жанрдың шебері атанған жазушы Сайын Мұратбековтың мықтылығы да сол, оқырманын самарқау қалдырмайтын. Бірге жетелейді, күрсіндіреді, күйіндіреді, қуандырады. Сонау қолға кітап алып, оқи бастаған шақта-ақ. Анау «Жабайы алма», «Басында Үшқараның», «Жусан иісі», «Менің қарындасым», тағы да басқа туындыларын бас алмай қайталап оқи беруші едім. Бөлек дүние-тұғын. Кейіннен КазГУ-дің журфагіне түскен соң бірнеше мәрте жазғандарымды Жазушылар одағына апарып жүріп, Сайын ағаны сұрастырғанмын. Ойым жақын танысу еді. Үлкен жазушыны көргім келген. Тіпті шығармаларындағы кейіпкерлер өмірде бар адамдар ма, жоқ, қиялдан туған жандар ма, соны да білгім келген. Бірақ ол кісімен кездесе алмадым… Бірақ Сайын Мұратбеков мен үшін жазуы бөлек, мықты қаламгер ретінде қала берген. Әлі де үйдегі сөреде тұрған кітаптардың ішінен ол кісінің жазғандарын құмарым қанбаған адамдай қайтадан отырып оқи беремін. Сонау алыста қалған ауылға қарай жетелеуші еді, Сайынның әңгімелері… Ауылды, жүйткіп өте шыққан бала дәуренді сағынушы едім…», - деп еске алады Қалихан Ысқақов.

«Мынау көркем дүниенің» кезекті санын Сайын Мұратбеков әңгімелеріне арнап отырмыз.  

Бөлісу:

Көп оқылғандар