Ұлыбританиядан жеткен жедел хаттар

Бөлісу:

30.06.2023 2433

(Жолтай Жұматтың ағылшынша (электронды кітап) әзірленген «Бастард» жинағы жайында) 

Бірінші хат

2023 жылдың 15 маусымы

Құрметті  Жолтай Жұмат-Әлмашұлы!

RE: «Бастард»

Сіздің қолжазбаңыз редакциялық алқаның кезекті отырысына ұсынылып, оны басып шығару мүмкіндігін талқылаған кезде назарымызға ілікті. Барлық мәліметтерді салмақтап, редакторлардың пікірлерін ескере отырып, біз «Бастард» шығармасы өз жанры шегінде көркемдік әлеміне тосын бағытәкелетін, сонымен қабат қызықты, тартымды туынды ретінде ерекшеленіп- ойландыратын, қарама-қайшылықты ойларға толы екенін сенімді түрде айта аламыз. Шығармада адамдарды толғандыратын иірімдер мен бұрылыстарға қарсы әрекет етуге итермелейтін тазалық пен адалдық бар: Сезімбек сияқты кейіпкерлердің өміріне үңілгенде, көңілсіз  көріністерден соң, ары қарай оқырманды өз әлеміне сүйреп апаратын толқу мен эмоционалды әсерлер  бір арнаға тоғысады екен. Авторлық дауыс трансфиксациялайды, архетиптік стереотиптерге қарсы және классикалық моральді бұзады, дәстүрлі емес, ойландыратын одиссеяның әрбір қабаты оқырманды одан әрі қызықтырады. Айқыш-ұйқыш  әлемге жетелеу, нюансты һәм күрделі кейіпкерлік құрам және әсерлі жағдаяттар жылдам қарқынмен дамытылып, динамикалық оқиғалар есте қалады: сөзсіз жақсы жазылған және назар аударуға тұрарлық. 

Қорыта келгенде, Редакторлар кеңесі «Бастард» шығармасын амбициялық ауқымды, алып отырған жанрына лайықты туынды және нарықта өз орнын алуы мүмкін деп санайды.

 

 Құрметпен,

Остин Маколидегі Редакторлар кеңесі үшін және атынан -

Элла Карлинг (сатып алу жөніндегі редактордың көмекшісі).

Austin Macauley Publishers, London.

 

Екінші хат

Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Бастард» романы мен «Отырардың жасыны» және «Аққан жұлдыз құласа...» драмалық дилогиясына 

ПІКІР

Біз оқып танысқан бұл кітапта ең жаңа тақырыптарға арналған екі қысқа роман және ислам философы және ұстазы Әбу Насыр әл -Фарабидің ерте және кейінгі өміріне негізделген драма бар. Оларды қазақ жазушысы, драматург, бірнеше халықаралық әдеби сыйлықтардың иегері Жолтай Жұмат-Әлмашұлы жазған.

Шамамен 870 жылы Трансоксаниядағы Фараб қаласында дүниеге келген Әбу Насыр Батыс Латын елдерінде «Альфарабиус» деген атпен белгілі болды және 950 жылы 14 желтоқсан мен 12 қаңтар аралығында Сирияның Дамаск қаласында қайтыс болды.

Әл -Фараби исламдық «неоплатонизмнің» атасы және исламның алтын дәуіріндегі ислам саяси философиясының негізін қалаушы болды. Ол физика, метафизика, логика, психология, гносеология, этика және музыка теориясын зерттеді. Ол философияны біртұтас жүйе ретінде ұсынған және Аристотельден кейінгі «Екінші Ұстаз» деп аталған алғашқы мұсылман болып есептеледі. Фараб парсы тілінде «өзен суын бұру арқылы суарылатын жер» дегенді білдіреді, ал он үшінші  ғасырда Яксарттағы Фараб «Отырар» деп аталды.

Енді бәрін кезегімен баяндайық. 

Бірінші бөлім. 

«Бастард» және «Интерадам» атты қысқа романдар

«Бастард» («Жатпланеталық жігіт») абстрактивтік романы ақын Омар Хайямның дәйексөзімен ашылады.

Жүретін мүсәпірге қолды ұсынып,

Болса ғой адам біткен оңды, сынық!

Тепкілеу жығылғанды – кісәпірлік,

Тұрғызу жығылғанды – сол кісілік!

«Бастард» шығармасы қазіргі Қазақстандағы оқиғаны бейнелейді: мейлінше жылдам өмір мен адамдар арасындағы тез тұтанатын қақтығыстардың жоғары октанды атмосферасында құрылған отбасылық қатынастардың күрделі табиғатын зерттейді. Ол посткоммунистік әлемдегі қазақ қоғамының келбеті мен өзгеру сипатын көрсетеді. Соған қарамастан философия мен логиканың маңыздылығы насихатталады.

Келесі қысқа қиял-ғажайып романы - «Интерадам» Әбу Насырдың өз сөзімен ашылады. «…Дүниедегі ең оңай нәрсе - кісіге ақыл айту, ең қиыны – өзіңді-өзің түсіну!»

Мұнда ғаламтордың анонимділігі (құпиялылығы) және кейіпкер Қоңырханның Интерадамнан хабарламаларды қалай алатыны жүйелеп көрсетіледі: What's App, Facebook және Браузерлерге сілтемелер шығарманың заманауилығын көрсетеді.

«…Адамдар логикасымен бір-бірінен ерекшеленеді. Пікірлерді талқылау әрқашан сабақтастыққа әкелмейді, кейде ол сізді мұхиттың ортасына батыруы мүмкін. Адамдар шексіз мүмкіндіктерге қабілетті құдіретті жаратылыс…»

Мұнда Гүлжанның Қазақстандағы өмірі мен Ұлыбританиядағы өмірі алма-кезек салыстырыла суреттеледі.

Көркем баянда кеңестік кезеңдегі ұрпақтар бірте-бірте алмасуы мен «халық жауы» ұғымы терең мағынада суреттеледі. Өз-өзіне қол жұмсау туралы түсінік пен оны талқыға салу, сонымен бірге адамның Құдайға қатысты жағдайы һәм діни сенім мәселесі талқыға түседі.

«…Алла Тағала адамды өз қалауымен жаратқаны әмбеге аян. Пенде ғалым атанамын деп алдына айқын мақсат қойса, күндердің күнінде соған жете алады…»

Гендерлік даралық және бір жынысты неке де талқыланады. Сондай-ақ, жиырмасынша ғасыр трагедиясы ретінде Жапалдың атасы «халық жауы» деген жалған айыппен сотталуы, сол арқылы «Қызыл билік» тұсындағы Қазақстан мемлекетінің бастан кешкен азабы мен мехнаты алдымызға тартылады. Осы топырақтан шыққан ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби Платон  үлгісіндегі «мінсіз» мемлекеттің жақтаушысы болса, аумалы-төкпелі жаңа заман оған кері жұмыс істегені көрініс береді. 

Көркем туындыда ата-ана қарым-қатынасы баланың жеке басының қалыптасуының негізі тетігі екенін атап көрсетеді және бала  тәрбиесімен жүйелі түрде айналысу кез келген жас ұрпақтың болашағына елеулі әсерін тигізетін маңызды фактордың бірі деп даралаған.

«Интерадам» - елдер арасындағы мәдени айырмашылықтарға тоқталып, қазақ болмысына назар аударады.

«…Тілдің қадірін қалай түсінесіңдер? Өз тіліңді сақтау үшін күресу керек пе?..»

Бұл жерде X мырза өзін жаһандық адам деп санайды, алайда  жаһанданудың кемшіліктерін де жасырмай, ашық көрсетеді.

Сталиндік кезеңдегі ұжымшылдық жүйесіндегі кемшіліктер, жазықсыз «халық жауы» атанып,  жер аударылу азаптары ащы жазылған: сонымен қатар жоғарғы білім беру жүйесіндегі кереғарлықтар, қазақ тілінің өз топырағында өгейленуі мен өзге тілдік үстемдік алуы жайы да астарлы ойлармен һәм ащы мысқылмен баяндалған. 

 

Екінші бөлім, 

«Аңыз адамның оралуы» драмалық дилогиясы

Бірінші драма «Отырардың жасыны» - Әбу Насырдің жастық шағын суреттейді.

Оқиға 890 жылдары Қаратау тауының етегіндегі ескі Отырар қаласының маңында өрбиді. Онда Әбу Насырдің Шаш пен Бұхараға танымдық сапарларынан кейін болған оқиғаларға назар аударады. Әбу Насырдің шығармашылығына, ғылымға құмартуына, әсіресе оның ақындық қабілетінің ояна бастауына сілтемелер бар.

Бірінші көріністе басты кейіпкер - «Қоңыр атты рыцарь» бар. Ол - Әбу Насырдің әкесі. 

«...-Бұхарадан не үйрендің?

-Қала ғалымдар мен ғұламаларға толы.

Менің ұстазым Әбу Салих Платонды, Аристотельді, Птолемейді біледі...»

Әбу Насыр найзағайдың физикалық зат ретіндегі маңыздылығына күмән келтіреді.

«...Отырардың жаңбыры түнде тарсылдап,үздіксіз  айқайлайды

Жасыл табиғаттың үнінен асып түседі...»

Әрі қарай Герат пен Бағдадтың Ұлы керуендері де сөзге тиек етіледі.

Екінші көрініс - Аристотель философиясына, метафизика саласына және поэзияның магиясына арналған. Араб және парсы тілдері оқытылатын Бұхара медресесі-діни мектебі туралы айтылады. Мұнда философия адамдардың ой-пікірлерінің қалыптасуы ретінде қарастырылды, ал жаратылыстану ғылымдары адам денесі мен оның мүшелерін зерттеу туралы болды.

«...Сауаттылығы кемшін елдерде халқы билікке мұң-мұқтаж болып, кеудедегі арманға  жүк артып, жүрегімен  азшылықтың азабына жаны ашып  қарайды. Балам, мен осыған дейін ғылымға, білімге жете мән бермеппін. Табиғаттың бар сыры ғылымда екенін түсіндім. Ғылым адам өмірінің кілті сияқты...» (Әкесінің сөзі).

«Аққан жұлдыз құласа...» драмасындағы көріністер Әбу Насырдың кейінгі өмірінің, есейген шағының  сәттерін көрсетеді. Оның толғаныстары кей жерлерінде өз өлеңдерімен баян болады. 

«... Аққан жұлдыз құласа кейде егер,

Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер!

Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,

Өміріме бір ғажап сәуле берер!..

Өміріме, шіркін-ай, бір ғажайып сәуле берер-р...

Егер жұлдыздар түсе бастаса, маған жарқыраған шамдарды еске түсіреді.  Тәжі бар тамаша ханшайым мені ұзақ түндерде күтеді. Ол менің өмірімді күн сияқты нұрландырады...»

Евклид, Сократ, Аристотель, Платон және Птолемей шығармалары бар Отырардың қоғамдық кітапханасы Жібек жолының бойындағы қалада болғаны белгілі. Әртүрлі философтардың кітаптары араб тіліне аударылған. Шәкірт адамның ой адасуы - арамза патша, әділетсіз төреші деп қателесіп келсе, енді қасиетті  Құран бар,  Мұхаммед пайғамбардың хадистері бар - міне, өмір  шындығы  сонда! 

Тарау келесі дәйексөзбен аяқталады.

«...Менің өмірім ағып жатқан өзен сияқты, өшпенділіктің көз жасында ағып жатыр.  О, Раббым, біз өшпенділікпен, сүйіспеншілікпен және қазіргі уақыттағы өзгерістермен жақсы жаққа өзгереміз...»

Мен бұл ойлы жазылған шығармалар топтамасын көпшіліктің оқуына ұсынамын, өйткені ол орта ғасыр ішіндегі ірі ислам философтары бірінің фонында қазіргі қазақ қоғамы туралы түсінік береді.

Біз исламдық ойдың қазіргі қоғамға қалай әсер еткенін және Орталық Азияның мәдени жағынан бай, бірақ көп бөлігінің посткоммунистік дәуірде қатты қыспаққа түскенін, өзінің шынайы болмысын  дамытуда қандай қиындықтарға тап келгенін  оқып-біліп отырмыз.

Көрікті елордасы -Астанасымен және гүлденген университеттерімен, (соның бірі - ұлы философтың атын алған), Қазақстан сергек және ерекше заманауи қоғам ретінде қалыптасып келе жатқанын атап айту керек. 

                                                                                          Иван Ватсон, 

                                                                           әдебиетші, ғалым, ұстаз. 

                                     Ұлыбритания. Лондон. Маусым айы, 2023 жыл. 

Бөлісу:

Көп оқылғандар