Қарлығаш Қабайдың "𝔇𝔬 𝔇𝔦𝔢𝔷 𝔐𝔦𝔫𝔬𝔯" жыр жинағы жарық көрді
Бөлісу:
05.07.20232004
Қазақ поэзиясының алтын сандығына тағы бір сапалы жинақ қосылды. "𝔇𝔬 𝔇𝔦𝔢𝔷 𝔐𝔦𝔫𝔬𝔯" деп аталатын Қарлығаш Қабайдың жыр жинағы жарық көрді. Ақын Қарлығаш Қабайдың есімі өлең сүйер жұртшылыққа етене таныс. Оның жырларынан кейде теңіздің лебі еседі, кейде көңіл түпкіріңде толқын шайған құмдауыттың жүзіндегі өшкін сызықтар сияқты ойдың табы қалады, енді бірде жаныңды қою, қанық түстерге бояйды. Ең бастысы – тынымсыз еңбекке, өнімді ізденіске толы сапар үстінде жүргені анық сезіледі. "𝔇𝔬 𝔇𝔦𝔢𝔷 𝔐𝔦𝔫𝔬𝔯" кітабы жаңашыл минималисттік стилде жазылған. Кітаптың алғашқы бетінде алғы сөз орнына "минимализм манифесті" беріледі. Кітап "DalaPrint" баспаханасында басылып шықты.
Осы байланыс нөмірлеріне хабарласып, тапсырыс бере аласыздар.