«Жанып тұрған шаммен тең...»
Бөлісу:
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Шайсұлтан Шаяхметовтің туғанына 85 жыл толуына орай «Жанып тұрған шаммен тең...» атты дөңгелек үстел өтті.
Мемлекет және қоғам қайраткерінің ұлт үшін жасаған ұлағат жолын ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, БАҚ өкілдері, журналистер, оқырмандар қатысты.
Жиынға қатысушылар Ш.Шаяхметовтің қызмет пен ғылымда жеткен жетістіктері мен іскерлік ұйымдастыру қабілетін жан- жақты талдап, тіл жанашырының игі істері жөнінде ой бөлісті.
Шара модераторы – филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбай 30-дан астам ғылыми мақалалардың, жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарының және химиядан орысша-қазақша сөздіктің авторы – Шайсұлтан Шаяхметұлының зерттеулерінің нәтижелері Қазақстан Республикасының, АҚШ-тың және басқа да шет мемлекеттердің ғылыми басылымдарында жарияланғанын, оның қоғамдық жұмыстарға белсене араласқанын, сонымен қатар тіл жанашырының өлең жазып, көркем шығармаларды қазақ тіліне аударуға зор үлес қосқанын тіліне тиек етті.
Өз кезегінде сөз алған, тұлғаның көзін көрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, химия ғылымының докторы, профессор Ербол Махмотов Шайсұлтан Шаяхметұлының қарапайымдылығы мен адамгершілігі жайында сөз етті.
Бөлісу: