Әлмерек биге арналған жыр мүшәйрасына шақырамыз
Бөлісу:
Заманында ерлігімен – батыр, шешендігімен – би, көсемдігімен абыз атанған әйгілі Әлмерек Жаншықұлының өмірі мен өнегесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ:
1. Жыр мүшәйрасының мақсаты:
- ұлт тарихындағы елдік және ерлік дәстүрді насихаттау;
- ел есінде батыр, би, абыз атымен қалған Әлмерек Жаншықұлының өнегесін ұрпақ санасында жаңғырту;
- Әлмерек Жаншықұлының және оның ел тарихында аты аңызға айналған ұрпақтарының ерлігі мен өрлігінің сабақтастығын таныту ;
- ұлт әдебиетін терең мағыналы, асқақ рухты жаңа жырлармен толықтыру;
- ұлт поэзиясына өзіндік үнімен келген дарынды тұлғаларды анықтау және оларды қолдау.
2. Жыр мүшәйрасының шарттары:
- жыр мүшәйрасына Қазақстан Республикасының барлық өңірінің ақындары қатыса алады;
- мүшәйраға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;
- поэзиялық шығармалардың ең көлемдісі 9-10 беттен аспауы керек;
-шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында 14 кегльмен, 1,5 интервалмен, Times New Roman қарпімен ғана қабылданады;
- жыр мүшәйрасына бұған дейін ешбір газетте, журналда, кітапта, электронды ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланбаған, басқа байқауларға жіберілмеген жаңа шығарма ғана ұсынылады;
- жыр мүшәйрасына қатысушы ақын өзінің бүркеншік атын, электронды поштасын, телефон нөмірін baiqau2024@yandex.kz эл.поштасына жазып жібереді. Мүшәйраға қатысушының нақты аты-жөні көрсетілмейді.
3. Жыр мүшәйрасының мерзімі:
- жыр мүшәйрасына қатысатын шығармалар осы ереже БАҚ-та жарияланған күннен бастап baiqau2024@yandex.kz эл.поштасына «Әлмерек жыр мүшәйрасына» деген атпен жіберіледі;
- жыр мүшәйрасына қатысатын шығармаларды қабылдау 2024 жылы 20 сәуірде тоқтатылады;
- қабылданған шығармалар 2024 жылы сәуірдің 23-іне дейін іріктеледі;
- іріктелген шығармалар ішіндегі ең үздіктері 2024 жылы сәуірдің 25-інде анықталады;
- ең үздік деп танылған шығармалар БАҚ-та мамыр айына дейін жарияланады.
4. Жыр мүшәйрасының Қазылар алқасы:
-қазылар алқасы қазақ поэзиясында өзіндік орны бар әйгілі ақындардан құралады;
- олар жыр мүшәйрасына түскен шығармаларды саралап, ең үздіктерін анықтайды;
- анықталған үздік шығармалардың жеңген орнын көрсетіп, ұйымдастырушыларға ұсынады;
- ұйымдастырушылар бәйге жүлделерін бөледі.
5. Жыр мүшайрасының бәйгесі:
- бас бәйге – 1 млн 500 мың теңге;
-бірінші орын – 1 млн теңге (біреу);
- екінші орын – 700 мың теңге (екеу);
-үшінші орын – 500 мың теңге (үшеу);
-ынталандыру – 200 мың теңге (үшеу);
- жыр мүшәйрасына түскен шығармалардың сапасына қарай қазылар алқасының ұсынысымен және ұйымдастырушылардың мақылдауымен бәйгелер саны өзгеруі мүмкін.
6. Жыр мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау
- Жыр мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау Әлмерек Жаншықұлы ескерткішінің ашылу салтанаты кезінде болады.
- ең үздік үш шығарма сол күнгі гала- концерт бағдарламасына енгізіледі.
- марапаттау рәсіміне қатысу шығындары қатысушының есебінен болады.
Ұйымдастырушылар алқасы
Бөлісу: