«Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – қазақ хандығы» республикалық жазба ақындар мүшәйрасы

Бөлісу:

06.02.2015 6489
jp (2).jpg

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған
«Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы-қазақ хандығы» жазба  ақындардың республикалық жабық жыр мүшәйрасының
Е Р Е Ж Е С І 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы облыс әкімдігінің қолдауымен 2015 жылдың 15 ақпан-15 шілде аралығында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған жазба жас ақындардың республикалық жабық жыр мүшәйрасын өткізеді. 
Мүшәйраның мақсаты:

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің мәні мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызын ашу. 
Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу;
Жастардың патриоттық рухын ояту,бірлік пен ынтымақты сақтау;
Жастарымызға ұлы бабаларымыздың асқақ арманы- тәуелсіздік, ел мен жерді қорғау екенін ұғындыру;
Қазақстан мен қазақ халқын оның мәдениеті мен салтын насихаттау;

Мүшәйраның талаптары:

Мүшәйраға төмендегі тақырыпта бір өлең қабылданады:

Қазақ хандығы тақырыбында жазылған бір өлең қабылданады.

Мүшәйраның шарттары:

Мүшәйраға қазақ тілінде жазып, сөйлей алатын кез келген ұлттың өкілдері қатыса алады.
Жас мөлшері 16-35 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады.
Бұрын жарияланған шығармалар қабылданбайды.
Автор өзінің ұсынған өлеңін өзінің өтініші арқылы ұйымдастырушылар комитетінің қарауынан алып тастай алады.
Ұсынылған өлеңдер рецензияланбайды және қайтарылмайды. 
Ұйымдастыру комитеті авторлармен ұсынылған өлеңдер жөнінде пікір – талас өткізбейді.
Ұсынылған өлеңдер компьютер арқылы теріліп, әр өлең 5 данадан болуы тиіс. Қолмен жазылған шығармалар қабылданбайды.
Өлеңдер қағазға басылған текст күйінде немесе Microsoft Word файлды форматы түрінде (шрифт 12 кегліде), жоларасы 1,5 интервал, Times New Roman қарпі)  қабылданады.

 Құжаттарды қабылдау уақыты:

Құжаттар 2015 жылдың шілде айының 15-не дейінтөменде көрсетілген мекен-жай бойынша «Каz пошта» арқылы қабылданады.
Мүшәйраға қатысушылар кіші конвертке жеке төлқұжатының көшірмесін, 9х12 суретін, және түйіндемені салады, сонымен қатар, мүшайраға ұсынған өлеңін және кіші конвертті үлкен конверттің ішіне салып, сыртына лақап атын жазуы тиіс.

Ұйымдастыру комитеті:

Ұйымдастыру комитеті дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады, жүлделі орындардың саны мен ақшалай сыйақының мөлшерін анықтайды.
Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
Ұйымдастыру комитеті дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
Барлық тіркелген шығармаларды ұйымдастыру комитеті байқаудың сарапшыларына алдын-ала қарауға береді (қазылар алқасы). 
Ұйымдастыру комитеті мүшайраға қатысқан шығармаларды жариялауға немесе жинақ қып шығаруға құқылы.

Мүшайраның қазылар алқасы:

Қазылар алқасының құрамы әдебиетпен мәдениеттің және қоғам қайраткерлерінен құралады. 
Қазылар алқасы мүшелері өз көзқарасын 10 балдық көрсеткіш бойынша бағалайды.
Қазылар алқасының шешімі түпкілікті,хаттамамен рәсімделеді және қайта қарауға жатпайды. 
Мүшәйраның жеңімпаздарын марапаттау кезінде сыйлықтарды /Бас жүлдеден басқасын/ бөліп беруге немесе арнайы сыйлықтар тағайындауға құқылы. 

Марапаттау:

Бас жүлде – біреу 
Бірінші орын – біреу 
Екінші орын – біреу 
Үшінші орын – біреу 
Ынталандыру сыйлықтары

Мүшәйра жеңімпаздары қосымша жарияланып шақырылады. Мүшәйра жеңімпаздарының келіп кету шығыны жіберуші жақтан, ал тамақтану, жатын орны шығындары ұйымдастыру комитеті тарапынан.

Ақындар мүшәйрасына құжаттар мен өлеңдер мына мекен-жайда қабылданады:

080000, Тараз қаласы, Төле би даңғылы 35 үй, 514 бөлме.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы («Мүшәйраға» белгісімен).  Байланыс телефондары: 8/726/ 2 43-88-01

adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар