Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Иса Байзақов
Иса Байзақов (1900-1940) 3 қазанда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауданында туған. Әкесі Байзақ, шешесі Ғазиза сауықшыл, өнерпаз адамдар болған. Ол кісілер Иса 9 жасқа шыққанда қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Жастайынан суырыпсалма ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен көзге түседі. Он жасынан жалшылықпен күнелтіп, Сібір шахталарында жұмыс істейді. 1919-1920 жж. ел ішінде Бағит, Құдайберген деген ақындармен айтысып, жеңеді. 1921 ж. Семейде жұмысшы факультетінде оқиды, драма үйірмелеріне қатысады. 1922 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтына оқуға түседі. Өлеңдері баспасөзде тұңғыш рет 1924 жылы жарияланды. 1926 жылы Қызылордада қазақтың тұңғыш ұлт театры ашылғанда, М.Әуезовтің "Еңлік- Кебегі" мен "Бәйбіше-тоқалында" басты рөлдерде ойнайды. "Заулатшы-ай" (1926), "Қалқа" (1927), "Ісмет", "Назқоңыр" (1927), т.б. 40-тан астам халық әндерінің сөзін жаңа заманға, өмір салтына сәйкес қайта жазады. Репертуарындығы халық әндерінің көпшілігі "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан", "Ер Тарғын" операларына енді. 1931-1940 жж. Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, Жазушылар одағында қызмет етті, Оңтүстік Қазақстан облысында тұрып ауыл-ауылды аралап жалынды өлеңмен, асқақ өнерімен үгітшілік қызмет атқарды. Оның атақты "Желдірмелері" (бес желдірме) халық арасына кеңінен тарады. Шығармалары бірнеше рет жеке кітап болып басылды, орыс тілінде де жарияланды (1967). Жазушы Н.Анов "Ән қанаты" романында (1956), осы аттас кинофильмде (1962) әнші-ақынның көркем бейнесін жасады. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Эпикалық шығармалары: "Құралай сұлу" (1925), "Қойшының ертегісі" (1926), "Алтай аясында " (1939), "Кавказ " (1941), "Қырмызы- Жанай" (1940, аяқталмаған), "Ақбөпе" (1945), "Неге Апатау шаттанды" (1929), "Ұлы құрылыс" (1933), "Он бір үн, он бір түн " (1939) поэмалары.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
858
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
09.12.2024
850
Маржан Ершу. Пишта
11.12.2024
777
Юй Хуа. Соқыр ішек
10.12.2024
698
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
09.12.2024
605
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
12.12.2024
479
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
13.12.2024
337
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
10.12.2024
306
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
26.11.2024
7957
Қос шынар
25.11.2024
1942
Бір күні бәріміз оянармыз
21.11.2024
1678
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
18.11.2024
1622
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
03.12.2024
1390
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
20.11.2024
1350
Жасанды интеллект және әдебиет
27.11.2024
1300
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
25.11.2024
1120
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
02.12.2024
1112
Ясунари Кавабата. Аригато
18.11.2024
1043
Морфидтер түнде не істейді?
20.11.2024
991
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
19.11.2024
951
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
857