Перизат Сәдуақасова
Алматы қ., Хусаинов к-сі
Алыстан алтын сәуле бір күлімдер...
Алыстан алтын сәуле бір күлімдер...
Мен мұндалап, жарық пен жылу берер,
Алыстан алтын сәуле бір күлімдер...
Жан бар ма екен тереңнен бір үңілер?!
Пешенеге бергенменен жүз жасты,
Кейбір жандар ерте өлері рас бір-ақ.
Ал басқаға бұйырғаны аз ғұмыр,
Сол ғұмыры тарих үшін сыр-жұмбақ.
Соның бірі жастай кеткен ер қазақ,
Рухы мықты, қайсар мінез, тік қазақ,
Жолдыұлының Таңжарығы еді ол,
Жүз адамға бергісіз бір өр қазақ.
Ақ арманы – алты алаштың аманы,
Алаш салған керегенің тұрғаны.
Өз жұртының «аң сезімін оятып»,
Білім жолын бар ынтамен қуғаны.
Осы арманның жетегімен жүрді ақын,
Өнер-білім желін желпіп жастарға,
Ұстаз болып еңбектенді күні-түн,
Ағартуды, «оятуды» бастауға.
Газет – деді, – ол халықтың айнасы,
Газет деген – өз сөзіңнің бағасы.
Сол айнада сөзсіз тұрар көрініп,
Тұрмысың мен қал-жағдайың, шамасы.
Ақын жүрді шыр-пыр қаққан құс ұқсап,
Желмен емес, желге қарсы бой тұстап,
Ондай құстың қажеті жоқ, қажеті
Қара тордың аузын ашып, салды ұстап.
Торда отырып бұлқынғанмен пайда жоқ,
Торда ашарға қауқары мен айла жоқ.
Бар салғаны – жүректегі әуендер,
Бар қалғаны – келер күн мен үміттер.
Болашаққа сөзсіз сенген Таңжарық,
Көк аспанда орны қалды сәуледей.
Сәуле деген ол жылулық, ол жарық,
Сәулесі бар ел ертеңі мәңгілік.
Алыстан алтын сәуле бір күлімдер...
Мен мұндалап, жарық пен жылу берер,
Алыстан алтын сәуле бір күлімдер...
Жан бар ма екен тереңнен бір үңілер?!
Бір жұтым
Кіші ауыл. У да-шу. Бала даусы.
Жаз мезгіл. Қой-қора. Үйдің сырты.
Отырды немересін құшақтап-ап,
Майыстыра тақиясын дүзеген қарт.
Немересі еркелейді, қылығы бал.
Атасы отыр болып көргендей тал.
Қарады көрші үйге көзі түсіп,
Ішінен шықты әзер тағы бір шал.
Ол шалдың ешкімі жоқ, өзі жалғыз
Жоқ емес-ау, бар еді о да екі ұл, бір қыз.
Кемпірі ерте өлген, балдар кетті,
Келу тұрмақ, хабар жоқ. Неге өйтті?
Немере ыңырсыды, бұрылды қарт.
Көтерді оны қолға, барды шалға.
- Е, құрдас, тірімісің? Жүрсің қалай?
Келмедің біздің үйге күндер талай.
- Немерең сондай тәтті, көз тимесін.
Жүрміз ғой, кетер дейсің мені қайда?
Бармаймын ешкімге де сөз келгесін,
Мен үшін осыүйім – осы мола.
- Мен емес ақыл айтар саған енді,
Бар өмірің менімен қатар өтті.
Хабарлас өзің бастап ұл мен қызға,
Дегенмен, әке орны мүлдем басқа.
- Келмейді бірі маған, керегім жоқ.
Мен енді бықсып-жанған қара бір шоқ.
Білемін «ӘКЕ» емес, «Айуан» болдым.
Өмірдің өзі екен ғой ең ауыр оқ.
- Замандас, иә, өмір өтер-бітер,
Хабарлас сен оларға, немең кетер?
Тым болмаса амандас, даусын есті
Бала емес пе мәңгілік сені етер?!
- Жә, болды, хабарласам, уәде етем.
Бүгін емес, болсыншы енді ертең.
Ей, көрші, кеңірдек кеуіп барад,
Тиын берші, кішкене, жәрдем етсең.
- Е, құдай, әлі де сол ма жан-серігің?
Өтіпті-ау сомен ғанабар өмірің.
Бір жан жоқ одан әлі тапқан бақыт.
Тапқызбас өмір сүру үшін саған уақыт.
- Қойшы енді, берші деймін жүз-ақ теңге,
Шыдатпай, сыймай барад мына кеуде,
Басымда, барлық жерім сырқырайды.
Бір жұтым...
Тек бір жұтым жазар лезде...
Тек бір жұтым ғой керегі де.
Мен үшін ол - сырласым, серігім де,
Өмірді бастағанмын осыменен,
Осымен аяқталар ендігі де...
Тек бір жұтым, тек бір жұтым жазар лезде...
07.02.2018 ж.
ТҮС
Ғажап Өмір!
Өмір ғажап сезінген адамдарға,
Шыдаған ыстығы мен суығына.
Өмір ғажап!
Сен оны түсінгейсің...
Құлап жардан қанатың қайрылсада,
Қайрылсаң да, барыңнан айрылсаңда,
Өмір қояр барлығын өз орнына.
Тек қана...
Көтер бәрін, біраз шыда!
Шыдам деген өмірмен күрес қана,
Күреспеген өмірмен адам бар ма?...
(Бұл тұста, күлді Өмір миығынан:
- Көр күресіп, мен үшін қызық қана)
Өмір ғажап!
Ғажабы сол – аты Өмір.
Келген соң бұл өмірге әнін тыңда,
Әсем әнін Өмірдің сынға алма,
Сен емес!
Ол салар сан сынаққа,
Сондықтан бой ұсынып әнін тыңда.
Үні қалар мәңгілік құлағыңда...
(Өмір айтты:
- Қарсы кел, өз еркіңде,
Төрт мезгілің айналар бәрі қысқа!)
Иә, рас...
Өмір жеңер!
Дегенмен, берер нұсқа.
Адам үшін Өмір ғой – Ұлы ұста!
Адам үшін Өмір ғой – Ұлы майдан!
Сондықтан алға бас, жет Табысқа.
(Басын шайқап бұл Өмір сәл жымиды:
- Сендік уақыт соншалық аз-ақ қана,
Ей, адамдар, барасың ғой ұсақтала.
Табыс деген бұл сөзді дұрыс түсін.
Түсінген адам үшін... азап қана...)
Сөзі рас, билеуші өзі ғана,
Берілген уақыты да болған қысқа.
Күресіп те, күрессіз адам өтер,
Жерде жатыр куә боп адам қанша?...
Табыстың кілтін таппай...
Амал қанша...
Амал қанша?!
Сондықтан көзіңді аш, оян қазір,
Адам болып келген соң, сүр адамша!
Қара, жерге!
Қара, мына аспанға!
Секілді ғой ұқсап жатқан апанға.
Өмір ғажап!
Ойлап қойған барлығын алдын ала.
Өмір – қақпан.
Сондықтан түсіп қалма, түсіп қалма,
Айналып өт, түсіп көр басқа жолға.
Барлығы, барлығы да өз қолыңда.
(Күлді Өмір мысқылдап:
- Түс торыма!
Адам кейде ұқсайды жыртқыш аңға.
Кейде бірақ... тастайды ойландырып...
Енді, міне, кезек келді сен адамға
Сан мың түрлі есік тұр бұл жолыңда,
Таңдау оны, әрине, өз қолыңда.
Бірақ ойлан, барынша, терең ойлан...
Бекер емес түнің мен атар таңда,
Бекер емес барлық жатқан ұсақ затта.
Мен – қайықпын, ес мені бір бағытқа,
Мен – қыранмын, сен – түлкі, қашып көргің,
Алда мені, тығыл барып бір қуысқа.
Алайда, сен адамсың, еш шүбам жоқ,
Түсерсің торыма да, уысқа да.
Ал енді, тұрма босқа, барып таңда,
Сәттілік! Кездесерміз әлі алда...)
Деп Өмір күлді оған көзін қысып,
-Тұр, қанекей, оян, оян! Түсің ғана...
12.12.2017 ж.