Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
1989 жылы ҚХР, Нылқы ауданында туған. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті Филология институты «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының магистратурасын бітірген. Қазір Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі институтының ғылыми қызметкері.
Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі институты
Т. ЖОЛДЫҰЛЫНА
Ел ат берген ардағым, есілім деп,
Еске алмаса, білмесе несі құрмет?
Ең алдымен атар ем ғадауатты,
Сіз отырған түрменің есімі деп.
Сол түрмеден шығандап ақын үні,
Ел көтерді қазақтың батыр ұлын.
Бостандық деп айтар ем еш жауапсыз,
Сізден туған жырлардың тақырыбын.
Ояу сана, ділмар ой, керең заман,
Өзі аңсаған сол таңды көре алмаған.
Шын ақынның шырылы шындық болды,
Бір сапардан мәңгілік оралмаған.
Күткеніңіз қауызды көктем еді,
Ұшты бірге өзіңмен көкке өлеңің.
Жұртты ояту екені айдан анық,
Сіздің ғазиз жүректің көксегені.
СОНЕТТЕР
Күліп тұрған көктем емес, сенсеңіз,
Менің жастық дәуренім ғой он сегіз.
Күліп келген көктем емес, ағасы,
Маған ғашық сол бір қыздың қарасы.
Жылап тұрған жаңбыр емес, тал емес,
Менің өткен шақтарым ғой бала елес.
Өлеңдеткен жүрегім ғой, мен емес,
Елеңдеткен жүрегің ғой, сен емес.
Қара түндер түн емес қой, қарашық,
Қабақ шытқан уақыт қой жаны ашып.
Қазақы әуен шырқайтұғын жыл құсы,
Бұл алматы сіздікі емес БІЗДІКІ.
ЖҮРЕКТЕГІ ӨЛЕҢ
Хан көшелерден, бұрылыстардан
Ақ армандарым қашады.
Менің ақ қалқам гүлін ұстаған,
Жүрегін күнге тосады.
Қолын береді ол ақ сағым нұрға,
Соңына соның ілесіп.
Дегендей бейне бастадым дуға,
Ұшып-ақ кетті пыр етіп.
Енді жұрт оны құс дейтін болды,
Жүрегім соған шыдарма?
Енді ешкім менің күтпейтін болды,
Күтпейтін болды ТҰРАНДА.
Әлгі бір хаттар келмейтін болды,
Келмейтін болды түндерде.
Даяшы қыздар сенбейтін болды,
БАРЛАРҒА оңаша кіргенде.
«Аға -оу» деп шыққан еркелік үнді,
Естимін қашан кім білсін?
Ғұмырды біздің ертегі қылды,
Сол ақ қалқа, бүлдіршін.
Көп оқылғандар
21.10.2026
4081
22.10.2026
3434
20.10.2026
3239
20.10.2026
2819
22.10.2026
1482
19.10.2026
1427
21.10.2026
1353
19.10.2026
1353
20.10.2026
1238
20.10.2026
1188
20.10.2026
968
22.10.2026
961
21.10.2026
783
21.10.2026
4081
25.09.2026
3566
22.10.2026
3434
20.10.2026
3239
15.10.2026
3165
07.10.2026
3148
20.10.2026
2819
09.10.2026
2776
29.09.2026
2763
16.10.2026
2517
09.10.2026
2201
28.09.2026
2180
05.10.2026
2155
30.09.2026
2121
