Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІ
Орхан Памуктың әйгілі 10 қанатты сөзі...

14.08.2018 6020

Орхан Памуктың әйгілі 10 қанатты сөзі

Орхан Памуктың әйгілі 10 қанатты сөзі - adebiportal.kz

Орхан Памук – 1952 жылы Ыстамбулда арғы тегі черкестерден шыққан ауқатты отбасында дүниеге келген түрік жазушысы. Памук бірнеше ұлттық және халықаралық сыйлықтардың иегері, оның ішінде 2006 жылы Нобель сыйлығының лауреты аталған.

Менің дінім – әдебиет. Бұл жағдайда мен терең діндар адаммын. Сөйтіп, тынбай жазу арқылы өз дінімді дамытамын. Біреу дінге сенгендей, мен де өз дініме, яғни әдебиетке сенемін. Әдебиет – ізгілік әлемі. Және әдебиет адамзатқа қызмет ететінін білемін.

Мен бақытты сезінбегеннен емес, уысымнан шығарып аламын ба деген қорқыныштан сезінбедім.

Жазушылық өнердің рахаты – шынайы өмірде болған іске бояу қосып, әсірелеп жеткізу немесе қиялдан құралған нәрсені өмірде болғандай шынайы етіп көрету дер едім.

...Кенет, кеудемдегі «меннен» тылсым бір көз пайда болды. Сосын сәл алыстады, ту сыртымнан мені бақылап тұрды. Мен не істесем де, ол маған қарауын қоймады. Сол сәтте өзімді ақымақ фильмнің әртісі мен режиссері ретінде сезіндім. Бірақ өмір сүруді тоқтатпадым. Осылайша, өзімнің өмірімді сыртынан тамашаладым. Мұндай сәттерде мен өзімді бір-ақ секундқа ғана қалыпты сезіндім, одан кейін үрей мен ұяттың оты кеудемді өртеді. Айналамдағылардың бәрі жат болып көрінді. Шыны керек, мен мәңгілікке «жат» болып кетуден қауіптенемін. Рухым бүктелген қағаздай күй кешеді.

Мен – Құдіретке табынушы адаммын. Ал ондай адамдар әрқашан өмірге оптимистік көзқараспен қарайды. Соңында ешқандай жаманшылық болуы мүмкін емес. Жаман болған күннің өзінде, мен кітап жазамын. Бұл – жанымның жалғыз жұбанышы.

Кез келген шығарманы өзімнің ғана қара басым үшін ғана емес, әр адамның көңілінен шығатындай етіп жазғым келеді.

Ақиқатында, роман деген – телегей теңіз білімнің ордасы. Ол шынайы ма, жоқ па, ешкімге қызықты емес. Жалған дүние өтірікке, өтірік шынайы нәрсеге жақын тұрады. Мен үшін басты мақсат – өз шығармамда қаланың рухын сақтап қалу.

Жазушы болу дегеніміз – өз сезіміңді өзгенің сезімі, не өзгенің сезімін өзіңнің сезіміңдей ғып жеткізу емес пе?..

Бұл күнде маған ой мен жалғыздық жар болды. Мен махаббат пен саяси көзқарасымның кесірінен жалғызбын.

Адамның үйі – жүрегінде...


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар