Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
АШАРШЫЛЫҚ ӘЛЕМ НАЗАРЫНДА...

27.09.2025 55

АШАРШЫЛЫҚ ӘЛЕМ НАЗАРЫНДА

АШАРШЫЛЫҚ ӘЛЕМ НАЗАРЫНДА - adebiportal.kz

Лондоннан арнайы іс-сапармен BBC арнасының журналистері Моника Уитлоп пен журналист-аудармашы Роза Құдабаева Қазақстанға келді. Олардың келуінің басты себебі – қазақ халқының басынан өткен ашаршылық қасіретін зерттеп, оны әлемге таныстыру еді.

Журналистер жазушы, қоғам қайраткері Смағұл Елубаевпен терең сұхбат жүргізді. Әңгіме барысында ашаршылық жылдарының ауыр шындығы, халықтың қасіреті, сонымен бірге жазушының «Ақ боз үй» кітабында суреттелген тарихи оқиғалар сөз болды. Бұл шығарма олардың назарын ерекше аударып, қазақ халқының сол бір ауыр жылдарындағы тағдырын тереңірек сезінді. Журналистер оған қоса ұлттық тағамнан дәм татып, қазақтың салт-дәстүрлерімен  танысты. Сұхбат қараша-желтоқсан айларында BBC радиосында жарияланбақ. Бұл – халықаралық деңгейде мойындалған, ықпалы зор медиа орталық.  Демек, қазақ халқының басынан өткен ең үлкен қасірет – ашаршылық жайлы әңгіме енді тек ел ішінде ғана емес, шекара асып, әлем тыңдармандарының да құлағына жетпек.

Смағұл Елубаев сұхбатта қазақ халқы басынан өткерген үш ашаршылық туралы айтып берді. Сонымен бірге ол басқа елдерде болған ашаршылық жайын да атап өтті. Журналистер оның әңгімесін мұқият тыңдап, түрлі сұрақтар қойды.

Осы әңгіменің нәтижесінде ашаршылық жайлы шындық тек Қазақстанда ғана емес, BBC арнасы арқылы бүкіл әлемге тарайтын болды. Бұл – өткенді ұмытпауға және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге жасалған үлкен қадам.

                                        Смағұл Елубайдың фейсбук парақшасынан


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@qcontent.kz 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар