Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Екінші кезеңге өткен шығармалар белгілі болды...

19.03.2018 6029

Екінші кезеңге өткен шығармалар белгілі болды

Екінші кезеңге өткен шығармалар белгілі болды - adebiportal.kz

Өткен аптада «Ұлт болмысы» әдеби байқауына қатысуға өтініш қабылдау аяқталғанын хабарлағанбыз. Жолданған шығармалардың конкурс талаптарына сай келмейтін және бұрын жарияланған, сонымен қатар сапасы төмендері екінші турға өтпейді.

Қазылар алқасы мен ұйымдастырушы тараптың біріккен шешімімен екінші айналымға өткен шығармалардың тізімі белгілі болды.

Осы уаққа дейін 127 шығарма қабылданып, жарияланды. Ұйымдастырушылар келіп түскен барлық шығармаларды жариялауға тырысты. Оқырмандардың дауыс беру тетігін де іске қосқаны белгілі. Екінші айналымға қатысушыларды анықтау барысында оқырман тарапынан жоғары дауыс жинағанмен, сапасы өте төмен шығармалар да жарыстан шеттетілді. Мұндай шешім қазылардың бір ауыздан берген бағасы нәтижесінде қабылданғанын айта кету керек. Ал, бұрын жарияланған немесе өзге де байқауға қатыстырылған (тіпті, жүлде алған) шығармаларды анықтауға тек қазылар ғана емес, оқырман тарапы да белсенді ат салысты.

Жарысқа қабылданған 127 шығарманың 60-ы келесі кезеңге өткен жоқ. Қалған қатысушылар (67 шығарма) ақырғы – үшінші кезеңге тек қазылар алқасының шешімімен өтетінін хабарлаймыз. Ақтық кезеңге өткен шығармалардың тізімі 24 наурыз күні белгілі болады. Бұл туралы сол күні «Әдебиет порталында» арнайы хабарланады.

Естеріңізге сала кетейік, байқау жеңімпаздарын марапаттау 26 наурыз күні Алматы қаласында өтеді. Өзгерістер болып жатса «Әдебиет порталы» арқылы қосымша хабарланады. Байқау жеңімпаздары марапаттау кешіне арнайы шақырту алады.

2-кезеңге өткен шығармалар.

Ұйымдастыру комитеті


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар