Мехмет Топлу
Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы,
профессор
«Халықаралық әлеуметтік ғылымдар конгресі: ІІІ Түркістан форумының» маңыздылығы қандай?
Биыл үшінші рет өткізіліп отырған «Халықаралық әлеуметтік ғылымдар конгресі: ІІІ Түркістан форумы» аясында түркі әлемінің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, құқықтық және туризм салаларындағы мәселелерін әлемнің көптеген елінен келген қонақтар өз ойларын ортаға салды. Жаңа әлемдік жүйедегі Түрік әлемінің рөлі: мүмкіндіктер мен қауіптер және әлемдік жүйемен интеграциялануы, жаһандану үдерісінде Түрік әлемі елдерінің арасындағы байланыстары тақырыбы бойынша әр елден келген профессор-оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер қатысты.
Форум бұл мағынада алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, 2017 жыл – Ер Түріктің бесігі болған Түркістанның – “Түркі әлемінің мәдени астанасы” және UNESCO тарапынан “2016 жыл Қожа Ахмет Ясауи жылы” болып жарияланды. Көріп отырғанымыздай, осы мақсатта Халықаралық қазақ-түрік университетінің миссиясын ескерер болсақ, университетте 14 ел мен 11 автономиялық мемлекеттен 25-тен аса елден студенттеріміз бар. Шетелден, яғни Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Моңғолия елдерінен келген оқытушы қызметкерлеріміз де алғаш рет студенттердің қандай ортада білім алғаны және оларға қалай білім беретінін де көрсетуде.
«Халықаралық әлеуметтік ғылымдар конгресі: ІІІ Түркістан форумының» жабылу салтанатында, “Достық” тобы өз өнерлерін көрсеткен болатын. Яғни, 15 мемлекетке жуық ел өкілдері өздерінің ұлттық билерін көрермендерге ұсынды. Осындай өте тамаша өнерпаздардың басқа жерде өткенін көрмеппін әрі бұл әлемде тек осы жерде болды десем қателеспеспін...
Университетіңіз жайлы қысқаша айтып кетсеңіз...
Университетімізге келер болсақ, орталық кампуста 7500-ге жуық студент, Түркиядан келген студенттер болса 5000. Яғни, 12500-ге жуық студент білім алуда. Бұл – университет деңгейінде өте көп деп айтуға болады. Университетіміздің кейбір бөлімдерінде 4 тілде: қазақша, орысша, ағылшынша және түрікше білім алуда. Яғни, осыншалықты түрлі тілдерде білім беретін университет болу қасиетіне иеміз. Осыған байланысты университет миссиясы жауапкершілігін өте маңызды cезінудеміз. Сонымен қатар, университет түлектері Түркі әлемін елдерінде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде қызмет атқаруда. Түрік бауырлас елдерден және шетелде тұратын қазақ бауырларымыз да университетімізде білім алуда. Мысалы, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және т.б. Бұл біз үшін өте маңызды әрі үлкен қызмет! Бұл студенттер өз елдеріне барған кезде университетімізді әрі Қазақстанды танытса, ал университетіміз қабырғасында жүріп өз мемлекеттерін осында таныстыру мүмкіндігіне ие болып отыр. Яғни, университеттің барлық студенттері осы аталған елдер мәдениетімен де танысу мүмкіндігіне ие болады. Сол сияқты, осында білім алған шетелдік студенттер де басқа мемлекеттердің мәдениетін өз мемлекетіне барып таныстырады. Бұл өте маңызды әрі түрлі мәдениеттерді танып біледі.
Алдағы жоспарларыңыз қандай және университетте қандай ауқымды шаралар өтеді?
Тағы бір айта кетерлік жәйт, келешекте бірнеше елдің университеттерімен ынтымақтастық орнатып үлкен жобаларға қадам баспақпыз. Мысалы, Польша, Ұлыбритания елдерімен.. университет студенттері Түркияның “Mevlana” бағдарламасы бойынша 3-4 ай мерзімде білім алуда. Және “Erasmus” бағдарламасы арқылы Болгария, Польша т.б. елдерде семестрлік білім алуда. Бұл өте маңызды. Керісінше, Mevlana” бағдарламасы арқылы Түркиядан келген студенттеріміз де бар. Осындай ғылыми жұмыстар негізінде көптеген оқытушы, ғалымдар да университетіміздің мүмкіндігін пайдаланып отыр. Сондықтан, келешекте университетіміздің ғылыми потенциалы үшін бұл өте маңызды. Мысалы, кейбір оқытушыларымыз Түркияда PhD бітірген. Кейбіреулері АҚШ, Ұлыбританияда магистратурасын тәмамдаған. Сол сияқты Қазақстанның көптеген университетінен PhD бітіріп келген оқытушыларымыздың бар екенін де айтуға болады. Яғни, университетіміздің одан әрі дамуына мүмкіндік туғызып отырғанын тілге тиек еткім келеді. Қазір университетіміз дамыған сайын одан әрі даму үстінде.. Алдымыздағы 10-15 жыл ішінде Қазақстанға ғана емес, әлемге танылған университет болатынын нық сеніммен айта аламын.
Университетімізде көптеген түрлі іс-шаралар өтеді. Ауқымды іс-шаралар болса, әр жыл сайын 3-4 халықаралық конгресс, форумдар ұйымдастырылып тұрады. Соның бір айғағы, Халықаралық әлеуметтік ғылымдар конгресі: ІІІ Түркістан форумы өтті. Биыл қазан айында Халықаралық Түркология конгресі өтпек. “Жойылу қаупі алдында тұрған Түркі халықтарының тілдері” тақырыбында өтетін бұл конгреске әлемнің түрколог, оқытушылары мен ғалымдары Түркістанда тағы да бас қоспақ.
Университетіміздің миссиясы – барша Түркі халықтар мәдениеті мен түрік мәдениетін университетіміздің мақтанышы ретінде жаңадан халықаралық аренаға танытылуына мүмкіндік жасау деп ойлаймын.
Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.