Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Жарылқасын Нұсқабайұлы 1940 жылы 8 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Маяқұм мекенінде дүниеге келген. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын теледидарда бастап, Бас редакторлыққа дейін көтерілді. Қазақ телеграф агенттігінде аудармашы-редактор, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Мектеп» баспасында (кейінірек «Рауан») 1982 жылдан Бас редактор, директор қызметтерін атқарды. 1998 жылдан «Білім» баспасының директоры. 1983 жылдан Қазақ ұлттық университеттің журналистика факультетінде дәріс оқиды. Отырар ауданының Құрметті азаматы.
Дербес кітап болып басылған «Құмда өскен қызғалдақ», «Мен күтпеген күн еді» повестерінің, «Аңқау арыстан», «Жылауық», «Түлкі мен балық», «Түлкі неге айлакер болды?», «Түйенің мүйізі қайда?», «Мақтаншақ бақа» сияқты кітапшалардың, «Инабат», «Әдеп», «Қазақ журналистикасының тарихы», «Көне басылымдар, аяулы есімдер», «Алты алаштың ардақтылары» тәрізді ғылыми-педагогикалық еңбектердің авторы. Чех жазушысының «Менің атым Йонаш» повесін, «Батыр пионерлер» атты деректі повестер жинағын, Х.Андерсеннің «Ертегілер жинағын», «Словак халық ертегілері» жинағын, «Сібір халықтарының ертегілерін», Ш.Әлімбаевтың «Даналық субстанциясы» романын, Е.Кобалевтің ЖЗЛ сериясымен шыққан «Хо Ши Мин» ғұмырнамасын, «Шаңқай түсте көлеңкелер қалмайды» («Тени исчезают в полдень») деп аталатын 7 сериялы көркем фильмді, «Аласұртқан ақша» көркем фильмін, түркімен жазушылары Х.Халлыевтің «Жол», Ш.Чарыевтың «Саз сырнайшы», белорус жазушысы В.Горбуктың «Көгілдір шырша», Я.Бегнаскаяның «Біз Павлик екеуміз қалай Робинзон болдық» сияқты шығармаларын, қырғыз, тәжік, орыс, армян жазушыларының да бірсыпыра әңгіме, повестерін аударды.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
858
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
09.12.2024
850
Маржан Ершу. Пишта
11.12.2024
777
Юй Хуа. Соқыр ішек
10.12.2024
698
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
09.12.2024
605
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
12.12.2024
479
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
13.12.2024
337
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
10.12.2024
306
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
26.11.2024
7957
Қос шынар
25.11.2024
1942
Бір күні бәріміз оянармыз
21.11.2024
1678
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
18.11.2024
1622
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
03.12.2024
1390
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
20.11.2024
1350
Жасанды интеллект және әдебиет
27.11.2024
1300
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
25.11.2024
1120
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
02.12.2024
1112
Ясунари Кавабата. Аригато
18.11.2024
1043
Морфидтер түнде не істейді?
20.11.2024
991
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
19.11.2024
951
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
857