Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

02.07.2020 4051

Мунк құпиясы 12+

Мунк құпиясы - adebiportal.kz

Соңғы жаңалықтар

Эдвард Мунк норвег суретшісі, экспрессионизмнің алғашқы өкілдерінің бірі. Оның ең атақты «Айғай» суреті бүгінге дейін жұмбаққа һәм қасіретке толы. Жақында ғана суретті атақты миллиардер Роман Абрамович 120 миллион долларға алғаны жаһанға жаңалық боп тарап жатты.

Сурет нұсқалары

1893-1910 жылдары кенепке түскен төрт нұсқасы бар.

Екеуі майлы бояу, қалғаны пастельмен салынған.

Сурет тарихы

Көркемсурет танушылар арасында Мунк бұл сурет арқылы табиғаттың дүлей күшін көрсеткісі келген, айғайға басқан адам емес, табиғат деген пікір бар.

Саутгемптон университетінің ғалымы Джессика Уайтсайд Мунктың шабытына 1893 жылы Кракатаудағы вулкан атқылауы әсер етсе керек дейді.

Перу мумиясы

Мунк 1889 жылы Париж көрмесінде болып, перу мумиясын көреді. Мәдениеттанушы Роберт Розенблюм «Айғайдағы» образды перу мумиясына ұқсатқан. Мумия да екі қолы жағына таянған, көз жанары бос.

«Мен екі жолдасыммен серуендеп келе жатып күннің батқанын көрдім. Алқызыл реңкті аспан жүрегімді сыздатып, мұңлы күй кештім. Жер бетін от пен қан жапқандай болды... Достарым тоқтамай жүре берді. Табиғатты дір еткізген айғайдан бойымды қорқыныш билеп, орнымнан қозғала алмадым» (Мунк күнделігінен, 1892 жыл)

Мунк қасіреті

Бес жасында анасы құрт ауруынан қайтыс болады,көп ұзамай қарындасынан да айрылады. Мунк та жиі сырқаттанып, депрессияға шалдығады. Зерттеуші Сью Придо суреттегі көпірден суицид нышандарын анықтайды. Сол кезде көпірден секіріп өлгендер көптеп саналған.

«Айғай» және кино

Американдық режиссер Уэс Крейвен 1996-2011 жылдар аралығында «Айғай» символын алып төрт фильм түсіреді. 2020 жылы бесінші бөлімі жоспарланған, түсірілім карантинге байланысты кейінге шегерілді.

Абрамовичтің алғаны рас па?

Жақында ғана БАҚ Роман Абрамовичтің 120 миллион долларға «Айғай» -ды сатып алғанын таратып, жаңалықтан жарыса жазды. Бірақ, Сотбис аукцион үйі бұны теріске шығарды. Атақты суретті 2012 жылы болған аукционда сатылып кеткенін мәлімдеді, кім алғаны біразға дейін құпия болған. Кейін «The Wall Street Journal» газеті Айғай-дың иесі финансит Леон Блэк екенін жариялайды.

Сара Жақсылық


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар