Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет...

12.08.2020 4774

Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет 12+

Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет - adebiportal.kz

ҚР Президентінің жарлығымен Абайдың 175 жылдығына орай ақын шығармаларын шет тілдеріне аударуға қосқан зор үлесі үшін 2-дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған шетелдік азаматтар жайлы ақпарат.

ДЖЕЙН МАНН – Кембридж университеті баспасы (Cambridge University Press) және Кембридж бағалауының (Cambridge Assessment) Білім беру саласындағы серіктестік басқармасының басқарушы директоры.

Джейн Манн 1997 жылдан бері білім беру баспасы саласында түрлі қызметтер атқарып, 13 жылдан бері сарапшы-кеңесші болып келеді.

Ол әлемнің түрлі елдерінде мемлекет басшыларымен, білім министрліктерімен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, донорлық агенттіктермен және басқа да білім беру мекемелерімен тығыз жұмыс істеп, білім беру жүйесін реформалаудың саясаты, тиімді материалдары мен инфрақұрылымдарын жасақтау мәселелерінде айтарлықтай тәжірибе жинады.

Джейн Манн жақында Кембридждің Білім беру саласындағы серіктестік басқармасының басқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл басқарма оқу бағдарламалары, бағалау, оқу материалдары мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру сияқты Кембридждің білім беру бағытындағы барша мүмкіндіктерін біріктіреді.

Джейн босқындар мен қоныс аударған балаларды оқыту мәселелерінде жаңа шешімдер табу мақсатында құрылған ЮНИСЕФ-Кембридж-Microsoft оқу паспорты бастамасының негізін қалаушы және Кембридж университетінің Ғаламдық адам қозғалысын зерттеу орталығының (The Centre for Study of Global Human Movement) мүшесі.

Cондай-ақ Британдық білім берушілер қауымдастығының (BESA) атқарушы кеңесінің мүшесі және Білім беруші әйелдер ұйымының жұмыс тобының төрайымы.

Джейн Манн Қазақстанға 17 рет сапарлап келген. Еліміздің тыныс-тіршілігімен, мәдениетімен жақсы таныс.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағы – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологияларының аударма жобасына қатысты.

Абайдың шығармашылық мұрасын аудару жобасында жинақтың ағылшын тіліндегі нұсқасын дайындау жұмысын үйлестірді.

Джейн Манн Қазақстанның 2-дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған ұлыбританиялық екінші әйел. Бұған дейін бұл орден мемлекет қайраткері, Британия Премьер-министрі Маргарет Тэтчерге берілген еді.

ӘКБАР МӘЖИТ – ақын-жазушы, әдебиетші, аудармашы, Қытайда тұратын қазақтар арасынан шыққан танымал қаламгер, қоғам қайраткері.

Ол Қытайдың Іле аймағына қарас­ты Қорғас ауданында дүниеге келіп, 7 жасынан қытай тілінде білім алған. 1976 жылы қытай әдебиеті мамандығы бойынша Ланьчжоу университетін тәмамдаған.

24 жасында әдебиет саласындағы Қытай Мемлекеттік сыйлығын иеленген. 1982 жылдан бері қытай жазушылар ұйымының мүшесі.

Қытайдағы «Ұлттар әдебиеті» және «Қытай жазушылары» атты ірі әдеби журналдың бас редакторы қызметін атқарды.

ҚХР жазушылар ұйымының мүшесі.

ҚХР мәдениеті мен қаламгерлерінің өкілі ретінде Қытай халық өкілдері жиналысының бірнеше мәрте мүшесі болған.

Кино, телевизия жөніндегі комиссия төрағасының және Киносценарий қоғамы төрағасының бірінші орынбасары.

Орталық Ұлттар университеті мен Іле педагогикалық университетінің құрметті профессоры.

Абайдың мұрасын әлемнің 10 тіліне аудару жобасы аясында Әкбар Мәжитұлы ақынның өлеңдері, поэмалары мен Қара сөздерін қытай тіліне аударды.

40-қа жуық кітаптың авторы. Әкбар Мәжитұлының шығармаларының бес томдығы қазақ тіліне аударылып, Бейжіңде жарық көрген.

МАРИЯ САНЧЕС ПУИГ – филология докторы, Мадридтің Комплутенсе университетінің профессоры.

Халықаралық синхронды аудармашылар қауымдастығының мүшесі. Ресей ғылым академиясының құрметті докторы.

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері халықаралық қауымдастығының алтын медалінің иегері.

1940 ж. 27 сәуірде Харьков қаласында (Украина) испан отбасында дүниеге келген.

Женева университетін «орыс филологиясы» және Мадридтегі Комплутенсе университетін «роман филологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Оның 3 томдық Lecciones de Ruso («Орыс тілінің сабақтары») деп аталатын оқулығы Испанияда орыс тілін ресми түрде тек шет тілдеріндегі немесе кеңестік және француз тіліндегі оқу құралдарымен оқытып жатқан тұста жарық көрді. Оның бұл еңбегі орыс тілін шет тілі ретінде үйренуге қажет талаптардың барлығына сәйкес келді. Грамматика, фонетика, лексика, фразеология саласы қамтылып, арнайы жаттығулар берілді.

Мария Санчес – білікті аудармашы, 70-тен аса көркем шығарманың аудармасын жасаған.

Ресей Федерациясы мен ТМД елдері басшыларының Испанияға сапары кезінде король отбасының мүшелері мен Испания премьер-министрлерінің ресми аудармашысы болған.

Абайдың мұрасын әлемнің 10 тіліне аудару жобасы аясында Мария Санчес ханым Қара сөздердің испан нұсқасын дайындады. Сондай-ақ, 2019 жылы ол қазақ әдебиеті антологияларын БҰҰ-ның 6 ресми тіліне аудару жобасы аясында 60 қазақстандық ақын-жазушылардың шығармаларын испан тіліне аударуға зор еңбек сіңірді.

ЗАФЕР КИБАР – кәсіби аудармашы. 1966 жылы дүниеге келген. Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде қызмет атқарған.

Мұқағали Мақатаев таңдамалы шығармалары (2014) мен Абай Құнанбаев шығармаларын (2014) түрік тіліне аударған.

Абайдың мұрасын әлемнің 10 тіліне аудару жобасы аясында Зафер Кибар ақынның өлеңдері, поэмалары мен Қара сөздерін түрік тіліне аударды.

Негізгі аудармалары:

• In the Flow of History, Nursultan Nazarbayev (Almaty – 1997), Ankara – 2012

• Critical Decade, Nursultan Nazarbayev (Almaty – 2002), Ankara – 2012

• In the Heart of Eurasia, Nursultan Nazarbayev (Almaty – 2005), Ankara – 2012

• A Worldwide Leader - Nursultan Nazarbayev - The Shining Star of Eurasia

• Founding President of Kazakhstan, Documentary Compilation, Ankara – 2013

• Kyz Zhibek, Sultan Hodjikov-1970, Turkish Dubbing-2012

• Nomads, İlyas Esenberlin-2011, Turkish Dublaj-2012

• The Sky of Childhood, Rustem Abdıraş-2011, Turkish Dublaj-2012

• Counsel (Black Words), Abay Kunanbayev, Ankara-2014

• Poems, Abay Kunanbayev, Ankara-2014

• Selected Poems, Mukağali Makataev, Ankara-2014

ГАНЕМ ХАЛЕД АС-САИД – араб тілі мен араб әдебиетін зерттеуші.

1977 жылы туған. Мысырдағы Уақып министрлігіне (Minister of Endowments/Awqab) қарасты ғылыми зерттеу орталығының директоры.

Дін және философия зерттеушісі, доцент.

Мысырдағы ислам ғылымдары туралы араб институтында ғылыми қызметкер болып қызмет атқарған.

Абайдың мұрасын әлемнің 10 тіліне аудару жобасы аясында Халед Ас-Саид Қара сөздерді араб тіліне аударды.

Зерттеу саласы:

• Араб тілі және дүние әдебиеті

• Дін және философия

• Қазіргі қоғамдағы мәдени мәселелер/ мемлекеттер арасындағы мәдени байланыс

Көрнекі суреттер: еркін интернет көзінен алынды


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар