Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жастар рухани жаңғыру кезінде шешуші рөл атқарады

28.04.2017 5979

Жастар рухани жаңғыру кезінде шешуші рөл атқарады

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын түсіндіру мен насихаттау бойынша 28 сәуір күні «Қазақстан» ОКЗ мәжіліс залында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Іс-шараға «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының қызметкерлері, еліміздің қоғам, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты. Атап айтқанда, ғалым, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Несіпбек Айтұлы, белгілі қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы, жазушы, сондай-ақ ҚР Еңбек сіңірген әртісі, композитор Секен Тұрысбек сынды зиялы қауым өкілдері алқалы жиында өзекті тақырыптарды қозғады.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы – стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын бағдарлама. Алғаш сөз тізгінін алған Ғарифолла Есім елбасы мақаласының мәні мен маңызын жастарға қарапайым тілде жеткізді. Ғарифолла Есім «Құрметті жастар, біз сіздермен замандастармыз. Заманымыз бір. Бір заманда үш ұрпақтың өкілі бірге өмір сүреді. Осы үш ұрпақ заманның бар мәселесін анықтайды. Бірақ, осылардың ішінде бір ұрпақ мәселені шешуші болады. Осы замандағы басты рөлде жастар ойнайды. Біз азбыз, біз кетіп бара жатырмыз. Мен сіздердің жастарыңызда болғанымда Қазақстанда екі жарым миллион ғана қазақ болған. Қазір он екі миллион болдық. Соның ішінде жастардың саны басым. Жаңалықты әкелетін сіздерсіздер. Сондықтан елбасының «Болашаққа бағдар: рухни жаңғыру» атты мақаласы тікелей сіздерге арналады. Сіздерге рухани жаңғыратын кез келді. Сана жаңғырған кезде барлық адасулыққа тосқауыл болады. Біздің санамыз еуропалық, орыстық, арабтық негізде емес, өзіміздің ұлттық болмысымыздан бастау алу керек. Елбасы бұл туралы мақалада нақты айтты» - деді. Сонымен қатар, өзге қатысушылар ұлттың болашағы, рухани дамуы негізінде сүбелі әңгіме өрбітті. Оразгүл Асанғазы тіл проблемасын айтып, жастардың жігерін жаныды. Несіпбек Айтұлы мен Секен Тұрысбек «ұлттық қасиетімізді сақтап, болашаққа нық қадам жасау керектігімізді» тілге тиек етті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар адамның дамуы, саналы азамат қалыптастырудың барлығы мәдениет, халықтың рухани мұралары арқылы жүзеге асатынын айқындады. Мемлекет басшысының өзекті мақала әрбір азаматтың туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуын үндейді. Сондай-ақ, құжатта рухани жаңғыру жолында өзіміздің ұлттық және жеке байлығымызды нақты насихаттауға басымдық берілген.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар