Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жолтай Әлмашұлы: Қаламгерлер неліктен саяси ойынны...

24.10.2016 3201

Жолтай Әлмашұлы: Қаламгерлер неліктен саяси ойынның құрбаны болады?

Жолтай Әлмашұлы: Қаламгерлер неліктен саяси ойынның құрбаны болады? - adebiportal.kz

жолтай.jpg
«...БАЙҚАЙЫҚШЫ!» Сөздің түсі суық! Жанары қатқыл! Даусында зіл бар. Былай деді: «Мына жайдақы қазақ салсүйектігіне салып, баяғы 37-жылғы оқиғаны тез-ақ ұмытып, мүлде естен шығарып үлгерді ме деп қорқамын. Сол бір ауыр жылдарда да алдымен билік айналасындағы «саясатшылар» бір-бірімен арпалысқан, ең сұмдығы саясатыңмен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын ақын-жазушылардың да басына оп-оңай бұлт үйіріліп, аузын арандай ашқан репрессияңның ащы дәмін молынан татқан! Неге? Кім кінәлі? Қаламгер байқұс неліктен саяси ойынның құрбанына айналып жүре берген?» Ойланып қалайын! Тағы да төбемнен ұрғандай қып, ащы сөз айтты-ау маған! Баяғыда-а... сол ұлт руханиятының жалаугер-көшбасшысы болған қаламгер қауым расымен-ақ алғашқылардың бірі болып, қалайша қатты таяқ жеді? «Саясаткерлермен» бетпе-бет келіп, қолма-қол найзаласып, жан алысып-жан берісіп, түпсіздіктің тайталасына түсті ме? Қайдам! Онда неге... Ой шіркін тереңге тарта түседі. Қайсыбір күні сол заман шындығын тілге тиек етіп, ащы да болса ақиқатын айтып, ақ-қарасын барынша ашып көрсеткен деректі телехабарды көргенім бар-ды. Сондағы тележурналистің сөзіне сенсек, қалам ұстағандардың басына үйірілген барлық дүрбелең мен зобалаңға кінәлі «солақай саясат» емес, аралас-құралас жүрген қаламдас «достардың» өзі! Бірінің үстінен бірі сөз асырған, біріне бірі жау болып шыға келген! Бірінің «кемшілігін» екіншісі әшкерелеп, бұлтартпас дәлел айтып, «басын көрге тығуға» өте ынталы болған! Қызғаныш па? Көре алмаушылық па? Әлде, басқа себеп пе? Ал, түсініп ал, мықты болсаң! Қайран, қаламдастар! Ақыл-ойдың арыстандары-ай, бұларың қалай сендердің? Шығармашылық Алла берген таланттың ісі екенін бәріміз де мойындаймыз, талант не бар, не жоқ дейміз, сөйте тұра шын талантты адамды өз қолымызбен тұншықтыра салғымыз келеді! Кісі өлер, бірақ талант өле ме? Оларды оп-оңай өлтіруге болатын болса, әлемдік ақыл-ойдың қаймақтары – аса мықты талантты жандар неліктен ғасырдан ғасырға ұмытылмай, әлі күнге бізбен жасасып келе жатыр? Неліктен оларды бүгінгі ұрпақ та, келесі ұрпақ та оқи бермек? Неліктен олар көркем ойдың "алыбы" болып, біздің санамыздан берік орын алды? Ойланайықшы! Байқайықшы! Таланттыларымызды бағалайықшы! Олардың өз биігін өздерінен қызғанбайықшы! Сөз мырза, сен маған қосыласың ба? Келісесің бе? («Семсер сөзбен сырласу»)

Жазушының Фейсбук парақшасынан алынды

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар