06.10.2016 4209
Құрақ көрпе
Негізгі тіл: The Bedquilt
Бастапқы авторы: Дороти Канфилд Фишер
Аударма авторы: Табулдин Мерейнур
Дата: 06.10.2016
Ельвелдер отбасының ішіндегі ең бөтен жан Мегетабель тәте еді. Бұл бұрынырақта Жаңа Англияның тұсында тұрмыс құрып көрмеген әйелдің жиырма жасында сауыншы боп, қырықтың оябында бәріне қызмет етіп, алпыстың сеңгірінде арғы фәниде ендігәрі зәру болмайтындай қатаң тәртіпті басынан кешкен кезі болса керек. Мегетабель тәтенің жасы алпыс сегізде еді.
Егде тартқан әйел ғұмырында бір сәтке болсын адам атаулының махаббатына бөленіп көрген емес. Кейуана ешбір іске ебі жоқ жан болған емес-ті, оның мойнына үй шаруасының ең бір қызықсыз, әрі төзгісіз жұмыстары артылған еді. Дүйсенбі сайын қарт тәте егістікте тер төгіп келген ерлердің әбден шылқыған, әрі былғанған киімдерін жуатын-ды. Бейсенбі күндері жаңа туған шақалақтың аппақ көйлектері, я болмаса немере жиендерінің көз жауын алатын алжапқыштары тәрізді көңілге аса жайлы киім-кешектерді үтіктеп көру туралы Мегетабель тәте тіпті армандаған да емес. Мұның орнына ол күні бойы дамылсыз құр ыдыс-аяқ, орамал біткенді ғана жуып жүре беретін.
Қысқа қамдану кезінде Мегетабель тәтеге тосапқа арналған жеміс-жидекті қайнату мен кейін одан шығатын иісі мұрын жаратын сұйықты құтыға құю сияқты жауапты, әрі көңілге жағымды істермен айналысуға рұқсат етілмейтін. Бұл уақта егде әйел балалармен бір қуысқа жайғасып алып, шиелерді тазалап, не болмаса бармақтары қып-қызыл боп кеткенше дейін бүлдіргендерді сағаларынан жұлып отыратын-ды.
Эльвелдер тәтелеріне біле тұра рақымсыздық танытқан емес, қайта үстірт болсын қарт әйелді жақсы көрген еді. Қайткенмен, қарт жанның бұлар үшін бөтен болғаны соншалық, Эльвелдер оны тіпті көздеріне ілмейтін де. Бұны тәте көңіліне алмай жүре беретін; әлгілер кемпірге қалай қараса, Мегетабель де бұларға салқынқандылықпен тіл қататын. Бұның бәрі тап бір шаруақор отбасыға қызмет қылып жүрген сауыншы әйелді еске түсіретін-ді. Мегетабель тәте отбасындағылардың уақыт өте келе өзіне көрсетіп отырған мейірім-шапқатын місе тұтып, ағасының жанға зілдей бататын әзілдеріне деген өкпесін барынша жасырып бағатын.
Жұбайы фермасын қалай еркін басқарса, үй шаруасында да соншалықты еркіндікке жол беретін жүрегі өте кең тәтенің қайынбикесі жүзін әбден әжім басқан қарт жанды бар жұмыстан босатып, жайына жіберетін кездері асқан мейірімге бөлейтін-ді. Тап осы қайынбикесінің қолғабысымен ғана кейуана ғұмырындағы жалғыз ғана сүйікті ісімен шұғылданып, айызын бір қандыра алатын. Ебей тіпті сонау жастық шағында құрақ көрпелерді тіге отырып, инені қалай жөнді ұстау керек екенінен хабардар болатын, бірақ бұдан басқа ол дәнеңеге үйрене алмаған еді. Кемпір құрақ тігудің жанға жайлылығынан кәдімгідей рақат алатын-ды, әрі бұл іс кез-келген жан тәрізді мұның да қолынан тамаша келетін.
...Ол өзіне мұндай тамаша ойдың қалай, қайдан сап ете түскенін білмесе керек. Кей сәттерде кейуана бұл жайлы армандаған шығармын, бір уақта бұл қабілеттің, бәлкім, дұға оқитындардың тілімен айтқанда өзіне көктен дарыған ба екен деген ойда да қалған. Ол бұл ойдың өзіне өзгенің көмегінсіз келгені туралы ешқашан мойындаған емес-ті. Себебі қарттың мұндай ғажап, тым еліктіргіш ойға жалғыз өзінің басы жетпес еді. Тіпті өз қолымен көрпенің нобайын тігіп болғаннан соң да қарт тәте бұның өз қолынан шыққан жұмыс екеніне өз көзіне өзі сенбейтін. Алғашында бұл оған ғажап болса да, орындалмас арман боп көрінген-ді.
...Мегетабель тамаша тігінші құсап ашық түсті матаның олқы кеткен кішігірім өрнектерін тігіп шығу үшін бар күшін аямаған. Керісінше, егде әйел мынаны қалай істесем болады деп бар ойын сарп ететін. Көктегі періштелер жамыла алатындай өз қолымен пішіп-тіккен осыншама күрделі дүниені көз алдына елестеткен шақта ебейдің жүрегі қатты толқып кететін-ді.