Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!
Абай Құнанбаев
Естелік

Е-Кітапхана

Естелік – әдеби шығарма, мемуар жанрының бір түрі. Естелік — өмірде шынайы болған ірі тұлғалар мен ел тарихында өткен елеулі оқиғалар жайында көзбен көріп, куәгер болған адамдардың сол өткенді еске түсіріп, өз атынан баяндап беруі. Алайда естелікте деректер тарихи еңбектегідей нақтылы берілуі міндетті емес. Естелік автордың өз танымы тұрғысынан баяндалады. Автор естелікте ақиқаттан алшақ кетпей, оны көркемдеп, бейнелеп жеткізуге құқылы. Естелік жанрлық табиғаты жағынан мемуардың күнделік, жолжазба, т.б. түрлеріне жақын.