Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Әнші Әміре
Әнші Әміре
Рейтинг: 3
ISBN:
9965-09
Беттер саны:
488
Жанр:
Естелік
Әнші Әміре
Қолыңыздағы естелік кітап – əншілігі елден асқан қазақтың дарынды ұлдарының бірі, сонау жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ қазақ əншілік өнерін əлемге паш етіп, орыстың, батыстың ұлы мəдениет қайраткерлерінің ауыздарына түскен əн атасы Əміре Қашаубаев жайлы. Бұл жинақ асқақ əншінің 125 жылдық мерейтойы қарсаңында арнайы шығарылып отыр. Мұнда мемлекет, өнер, ғылым қайраткерлерінің, танымал ақын - жазушылардың жəне оның замандастары, шəкірттерінің естеліктері мен зерттеу мақалалары іріктеліп берілген. Олар əнші өмірінің қиын-қыстау кезеңі, беймəлім қырлары, оның теңдессіз орындаушылық шеберлігі, əртістігі жайлы тереңнен сыр шертеді. Сонымен қатар аталмыш жинаққа Əміреге арналған туындылар мен оның орындауындағы бірқатар əндер енгізілді.

Кітап əншіні ардақ тұтар əнсүйер қауымға жəне көпшілік оқырманға арналған.
Қатысты кітаптар

Көп оқылғандар