Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Өз елім – өзегім
Өз елім – өзегім
Рейтинг: 0
ISBN:
978-601-7023-58-4
Беттер саны:
264
Өз елім – өзегім
Замандар зобалаңы аз қазақты сайын даласына сыйғызбай, телім-телім етіп, жер-əлемге тентіретіп жіберген. Өткен ғасырдың соңында ғана бұғаудан босанған қазақ тұсауы ағытылған тұлпардай сілкініп, Тəуелсіз ел ретіндегі алғашқы қадамын ұлт басындағы осы қасіретті жоюдан бастады. Тұңғыш Президентіміз түбі бір түрік жұртына жасаған алғашқы сапарында сол елде өмір сүріп жатқан қандастарымызбен кездескен, кеңескен, қамкөңіл ағайынды уатқан, қуантқан. Ұлт болып ұйысу жолдарын бірге белгілеуге шақырған.

Бұл кітапта елдігіміздің елең-алаң шағындағы шапағатты шаралар туралы айтылады. Тəуелсіздік табиғаты, Президент парасаты ашыла түседі. Эмиграцияның егжей-тегжейі сөз болады. Естелік, эссе, толғау, хикаяттар түрінде талқыға түскен тағдырлар көрінеді. Туысқан тұлғалар таныстырылады. Қилы-қилы тағдырлар арасында жазушының жан-дүниесі де аңғарылады. Зерделі зерттеуге, дəл дерекке, толымды тарихқа, толғаулы тағдыр мен тағылымға жаны құштар оқырманның ағайынтану, диаспорология төңірегіндегі танымын аталмыш кітап тереңдете түседі.
Қатысты кітаптар

Көп оқылғандар