«Мәңгілік ел» кітабының тұсаукесері өтті

Бөлісу:

08.10.2013 6721

2e7475bbc11744eacbd95682e1376e0d.jpg


Астана. 8 қазан. Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Үзбен Құрманбайұлының «Мәңгілік ел» атты кітабының тұсаукесері өтті. 
 


Кітап авторы Үзбен Құрманбайұлы – Моңғолия Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, Баян-Өлгий аймағында туып-өскен және сол өңірдің «Құрметті азаматы». Ол өз кітабында атажұртты, қазақ елі туралы тебірене ой толғайды. «Мәңгілік ел» ұстанымын кітап арқауы еткен автор болашақтың елі ұлттық идеясын дамытып, туған Қазақстанның бәсекеге қабілетті, жедел дамуына айқын сенімін таңбалайды. «Біздің тәуелсіздігіміз – мәңгі және өсіп-өркендеген елдің жарқын кепілі», – деп жазады Үзбен Құрманбайұлы. 

Кітапта Қазақстан Республикасының көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел мен жер үшін жасаған ірі істері, халқына сіңірген адал қызметі сыртта жүрген қандастардың, қазақтың көзімен сарапталады. Бұл кітап ұлт бірлігін нығайту, қазақ халқының тарихы туралы баяндайды.



Қайнар көз: baq.kz порталы

Бөлісу:

Көп оқылғандар