«Жалын» журналының жетістігі

Бөлісу:

16.01.2014 7181

«Жалын» журналы — «Халықаралық Түркі Әлеміне қызмет» сыйлығының лауреаты.jpg1969 жылдан бастап республика жұртшылығының рухани қажетін өтеп келе жатқан тұрақты басылымның бірі — «Жалын» журналы 2013 жылы Түркиядағы Жазушылар және өнер қайраткерлерінің халықаралық қорының номинациясының жеңімпазы атанды. «Жалын» журналында тұрақты жарияланып келе жатқан «Түркі дүниесінің классиктері» айдары аясында қазақ оқырмандары Хұсейін Нихалдың «Көк бөрілердің ерлігі» романы мен Харун Токактың «Қара шалдың қайғысы» атты шығармасымен, белгілі ғалым Сабри Хизметлидің түркі әдебиеті мен мәдениеті туралы танымдық дүниесімен, белгілі журналист Ахмет Аляздың «Көрұғлы» атты бүкіл түркі дүниесінің рухани бірлігін паш ететін ғылыми еңбегімен танысты. Сопылық ілімнің жауһары Мәулананың «Месневи» шығармасының журналдың бірнеше санында жариялануы да діни бауырластықты бұрынғыдан да нығайта түсті. «Жалын» журналы жалпы түркі әлеміне аты белгілі, классик ақын-жазушылардың шығармаларын да ұдайы насихаттап келеді. Мәселен, әзірбайжан жазушысы Анардың «Ақ қошқар, қара қошқар» атты хикаятының, сол сияқты түркі әлеміне ортақ тұлғалар — Шыңғыс Айтматов, Мұстай Кәрім, Қайсын Кулиев сынды таланттар шығармалары да осы журналда жарияланды. Сондай-ақ, журнал түркі әлеміне таныла бастаған жастарға да орын беріп келеді.

«Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері Мұхтар Шаханов басқаратын «Жалын» журналына бұл сыйлық 2014 жылдың мамыр айында, Қырғызстанда өтетін «Шыңғыс Айтматов және түркі әлемі» атты халықаралық конференцияда табыс етілмек.

 

Нұрғали Жүсіпбай,

Еркінбай Серікбай

Бөлісу:

Көп оқылғандар